jasqazaq.kz

Өскеменде 140 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

30 қараша 2017, 17:01

Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 140 балаға арналған «Дария» балабақшасы ашылды. Мереке қарсаңында ашылған балабақша толықтай демеушілердің қаражатына салынған.

Салтанатты шарада ШҚО әкімі Даниал Ахметов шағын аудан тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, балабақшаға сыйлық табыс етті.
– Шығыс Қазақстан балабақша тапшылығының алдын алып, кішкентай бүлдіршіндерге барлық жағдайды жасап отырған аймақтардың бірі. Осындай үлкен мереке қарсаңында сіздердің шағын аудандарыңызда балабақшаны ашу мен үшін үлкен құрмет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев басқарған мемлекетте жастардың болашағына көптеп көңіл бөлініп жатыр. Келешекте дәл осы балабақша тәрбиеленушілері еліміздің ертеңін қалаған патриот болатынына сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.

Жаңа 140 орындық №13 «Дария» балабақшасы 7 топқа бөлінген. Оның 6 тобына қазірдің өзінде балалар қабылданды. Жаңа мекемеде балаларға арналған үйірмелер мен ойын алаңдары толықтай жаңа жабдықтармен қамтылған.

Айта кетсек, балабақша ашылып отырған «Карабах» ауданының тұрғындары балабақша тапшылығын айтып, бірнеше мәрте мәселені көтерген. Тек облыс әкімдігі «AES Қазақстан» компаниялар тобымен меморандумға қол қойғаннан кейін, балабақша құрылысы аймақ басшысының бақылауына алынады. Жаңа мекеме демеуші қаражатына салынғанымен, толықтай қала әкімдігінің меншігіне тапсырылды

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда