Орыс мектептерінде: Оқулық сапасыз, Жаттығуы күрделі

12 ақпан 2021, 11:13

«Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген еді. Кезінде сондай қауіптің қазақ тілінің басына да төнгенін біз бәріміз жақсы білеміз. Ата мен немере екі тілде сөйлесетін күйге түскенін, республиканың астанасы Алматыда қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп болғанын ұмыта қойған жоқпыз. Шүкіршілік, тәубе етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздік ол қауіпті сейілтіп, қазақ тілінің бағын ашты. Алайда «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді ұмытпаған жөн. Ал тілдің тал бесігі не? Ол, әрине, мектеп. Мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың жағдайы қай деңгейде? Осы мәселелерге назар аударсақ, талай нәрсенің көңілді көншітпейтінін көріп, жанымыз жабырқайды.

Қазақстандағы орыс мектептерінде қазақ тілі 1958 жылдан бастап тұрақты түрде оқытыла бастаса да, орыс мектептерін бітірушілердің арасында қазақ тілін еркін меңгергендер саны аз.
Оқушылар да, мамандар да қазақ тілін оқыту әдістемесінің сапасына қатысты сын айтады. Жаңа оқулықтар жылда шығады, қаражат бөлінеді, әдістемелер, жаңа контенттер толып жатыр. Бірақ балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар. Әрине, мектептерде әртүрлі іс-шаралар өткізілмейді емес, өткізіледі. Бірақ олар баланың санасына қаншалықты сіңісуде деген сұраққа қатты қиналамыз. Оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Жаттығулары өте күрделі. Қарапайым ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптаспаған балаға үйіп-төгіп қиын грамматикалық тапсырмалар беріледі. Мағынасы ауыр өлең-тақпақтарды айтпай-ақ қояйық.

Бұл мәселені шешудің мынандай жолы бар:

Біріншіден, оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе алуы үшін мұғалімдер тарапынан айтылым тапсырмаларын сабақ үдерісінде жиі қолдану, оқушының ауызекі сөйлеуіне басымдық беру, осыған қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын әдіс-тәсілдерді әзірлеу;

Екіншіден, қазақ тілі оқулығындағы айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым тапсырмаларының тақырыптарға сай келуін бір жолға қою;

Үшіншіден, қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті өмірге толыққанды енгізу үшін әр мектепте тілдік орта құру. Бұл орайда Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі тілдік ортаға бойлау сыныптарының іс-тәжірибесін әр мектепке енгізуді қарастырған жөн болар еді;
Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Қазірше оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ. Бірақ сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет. Ал оны алдымен қолға алатын да, алдымен жүзеге асыратын да – мектеп.

Құрметті Асхат Қанатұлы (А.Аймағамбетов – білім және ғылым министрі – ред.), біз қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылу сапасына мемлекеттік деңгейде мән берілуі керек деп санаймыз!

Наталья Дементьева,
Мәжіліс депутаты
(Депутаттық сауалы)

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?