jasqazaq.kz

Орталықтың міндеті – әлеуметтік қызмет көрсету

15 қыркүйек, 14:12

Шымкент қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау көрсетіп, инклюзия мәдениетін дамыту мен масылдыққа қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Біз орталықтың директоры Молдабеков Нұрбол Жәнібекұлымен сұхбаттасып, орталықтың миссиясы, қазіргі қоғамдағы рөлі және болашақтағы жоспарлары жайлы әңгімелестік.
– Орталықтың негізгі миссиясы мен жұмыс бағыттарын қысқаша таныстырып өтсеңіз.
– Біздің орталықтың миссиясы – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасынан жапа шеккендерге, террористік белсенділік аймақтарынан оралған әйелдер мен балаларға, сондай-ақ қандастарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Біз тек көмек беріп қана қоймай, оларды қоғамға бейімдеуге, қайта аяққа тұруына жағдай жасауға бағытталамыз.
– Жыл сайын қанша адам сіздердің қызметтеріңізге жүгінеді?
– 2024 жылы орталықта 173 қызмет алушы жатын орынмен қамтылды. Оның ішінде 45 ана және 128 бала бар. Өткен жылдан көмек алуды жалғастырған 38 қызмет алушы да бар. Бұл көрсеткіш біздің қызметтің қоғамда қаншалықты қажетті екенін айғақтайды.
– Қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталсақ.
– Бұл, өкінішке қарай, кең таралған мәселе. Біз зардап шеккендерге уақытша баспана, психологиялық қолдау, құқықтық кеңес береміз. Бірақ түбегейлі шешім үшін заңнаманы күшейту, полицияның дер кезінде әрекет етуі қажет
– Масылдықпен күрес қалай жүргізілуде?
– Біз көмекке мұқтаждарды еңбекке бейімдеуді басты назарда ұстаймыз. Қайта даярлау курстарына жібереміз, кәсіпкерлікке баулуға тырысамыз. Көмек тек шын мәнінде мұқтаждарға жетуі тиіс. Бұл – масылдықпен күрестің негізгі шарты.
– Инклюзия мәселесінде қандай шаралар атқарылады?
– Ерекше қажеттілігі бар балаларды мектепке бейімдеу, жұмыс орындарында квота бөлу, инфрақұрылымды ыңғайлы ету – бұл бағыттағы басты міндеттер. Біз ата-аналармен, мектептермен және жергілікті билікпен бірлесе жұмыс істейміз.
– Жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық қалай жүреді?
– Әкімдікпен бірлесе отырып, мұқтаж топтарды анықтап, ресми бағдарламалар арқылы қолдау көрсетеміз.үкіметтік емес ұйымдармен бірге гуманитарлық көмек таратамыз, тренингтер мен психологиялық семинарлар өткіземіз. Бұл әріптестік бізге ауқымды жұмыстар атқаруға мүмкіндік береді.

Әлия Білдебекова,
Шымкент қаласы

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке