Оралда казактардың жастар қанатының экс-атаманы Намик Байрамов ұсталды. Ол кәмелетке толмағандарға азғындық әрекеттер жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Намик Байрамов 24 қараша күні кешке қамауға алынды. Оның үстінен «Кәмелетке толмағандарды азғыру» бабы бойынша қылмыстық із қозғалды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Байрамов ұятсыз видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 24 қараша күні кешке судья Раушан Исмаилова 32 жастағы Намик Байрамовты екі айға қамауға алу шешімін шығарды.
Байрамовпен бірге сот 1966 жылғы Курноскин есімді азаматты қамауға алды. Ол да кәмелетке толмағандарға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ұсталған. Істің мән-жайы зардап шегуші тараптың өтінішімен құпия сақталуда.