jasqazaq.kz

Оралда бірдей мемлекеттік нөмір тағылған екі автокөлік анықталды (Видео)

12 желтоқсан 2025, 14:47

Оралда бірдей мемлекеттік нөмірлермен жүрген екі автокөлік анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында «Құқықтық тәртіп» және «Қауіпті жүргізуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында патрульдік полиция қызметкерлері «Автоураган» арнайы фото-видео тіркеу кешенін пайдаланып көлік ағымында бірдей мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Ipsum және Toyota Alphard екі автокөлікті анықтады.

Тексеру барысында аталған автокөліктердің екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелгені белгілі болды. Әр түрлі көліктерде бір мемлекеттік нөмірді пайдалану – заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады және айыппұлдан жалтару немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасыру мақсатында жасалуы мүмкін. Осы факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, оған қатысы бар тұлғалар белгілену үстінде. Екі автокөлік те ұсталып, арнайы айыптұрағына қойылды. Полиция азаматтарды көлік құралдарын тіркеу және пайдалану талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді