jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері кәсіби бағдар бойынша тренингтерді жүргізуді меңгеру курстарына қатысты

27 қараша 2017, 16:45

Аталған шеберлік сағаттары «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілген.

Мұғалімдер 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіби бағытталған тренингтерді жүргізуді үйренді, сонымен қатар қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Тренингтерге барлығы 50 мұғалім мен психолог мамандар қатысқан, олардың отызы аудандық мектептерден келген.

«Өмірлік таңдау» – бұл қазақстандық оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған ауқымды жоба. Іс-шара аясында техникалық кәсіптерге деген құрметті ұялату, жастар арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру сынды мәселелердің шешімін табу көзделген.

Жоба аясында біз 250 мұғалімді осындай тренингтен өткіземіз. Оның аясында қатысушылар тренингті қалай жүргізу керектігі, кәсіби бағдар бағытындағы жұмыстарды жүргізуге байланысты мәліметтер алатын болады. Осы тренингтерді ұстаздар 8, 9, 10 сынып оқушыларына өткізетін болады. Тренинг қорытындысы бойынша 250 педагогтың ішінен әр облыстан 1 педагог, яғни 5 үздік тренерді іріктеп алып, оларды Ресей Федерациясының үздік тренинг орталығында оқытатын болады, — дейді жобаның жетекші маманы Дәулет Әждар.

Бұл ретте тренингке қатысқан мұғалімдер де өз ризашылықтарын білдіріп, жобаға қатысты пікірілерімен бөлісті.

Қонымды, тиімді. Біздің мұны келіп көрудегі мақсатымыз – ауылдағы, шалғайдағы жастардың қазіргі таңда болып жатқан, бұған дейін болған, мамандық таңдауда жаңылысып жатқан жағдайларына байланысты көп материалдар алдық. Жеңілдірек, қолжетімді жолмен ұйымдастырылған жұмыс екені көрініп тұр. Мен енді ертеңгі күні осы алған білімімді ары қарай жалғастырып, еліме барып, түсінік жұмыстарын жүргізем. Мен ризамын, — дейді Мақтарал аудандық №122 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жандос Сапаров

Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлек, жоба еліміздің төрт ірі өндірістік аймағында іске асады. Олар: Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.

Жоба аясында оқушыларға қалаған маман иелерінің жұмыс барысымен танысу үшін аймақтық кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады.

Бұл – үлкен жоба. Жылдың соңына дейін жүргізіледі. «Ең үздік тренер» байқауы өткізіледі. Жергілікті кәсіпорындарға оқушыларды экскурсияға алып бару ұйымдастырылады. Мамандық таңдауда біздің болашақ жастарымыз жаңылыспау қажет. Жетіспейтін мамандықтар бар, соны жетілдіруіміз керек, деді Ақмарал Асылбекова – облыстық білім басқармасының әдіскері.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Оқу жылының соңына дейін 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылуы жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ