jasqazaq.kz

Онлайн-тіркеу осы аптаның соңында іске қосылуы мүмкін

16 қантар 2017, 20:04

Онлайн-тіркеу осы аптаның аяғына қарай іске қосылатын болады. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр осы уақытқа дейін 250 мыңнан аса адам уақытша тіркелуден өткенін хабарлады. «Жалпы, бұл заң жобасын Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі əзірлеген жоқ. Біздің қызметіміздің аясындағы жұмыстарға қатысты сұрақтардың барлығына жауап бере аламыз. Мысалы, онлайн-тіркеуге қатысты айтар болсам, онлайн-тіркеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауға дайынбыз»,-деді Д.Абаев. Министр мəлім еткендей, онлайн-тіркеуді іске қосу үшін Ішкі істер министрлігі тарапынан талап етілетін жұмыстар қалған. «Онлайн-тіркеуді бастау үшін оған дайындық керек. Біз өз тарапымыздан дайындық өткіздік. Енді Ішкі істер министрлігі тарапынан екі-үш жұмыс қалды. Сол жұмыстар аяқталса, онлайн-тіркеу іске қосылады. Осы аптаның аяғына дейін онлайн-тіркеуді іске қосуға тырысамыз»,-деді Д.Абаев.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады