Өндіріс азаяды, мұнай қымбаттады

07 қыркүйек 2023, 13:20

 

Кеше әлемдік биржада Brent (Солтүстік теңіздегі кеніштің атауы) маркалы «қара алтын» құны 90 доллардан асты. Бұл қара майдың биылғы 7 шілдеден бері 12 долларға қымбаттағанын көрсетеді. Қазақ мұнайының сауда-саттығы да осы маркамен жүргізіледі.
Көмірсутегі сарапшылары «қара алтын» бағасының өсуіне Сауд Арабиясының шешімі себеп болды деген пікірде. Күні кеше осы ел өз еркімен өндіріс көлемін тағы 3 айға қысқартты. Енді тәулігіне шығарылатын мұнай мөлшері 1 млн баррельге азайып, 9 миллионды құрайды. Бұл — соңғы бірнеше жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұның «қара алтын» нарығында бағаны тұрақтандыруға бағытталған амал екені мәлім. Әр Риядтан кейін іле-шала Ресей де экспорттық шектеуін жыл соңына дейін ұзартты.
Айта кеткен жөн, ОПЕК+ қауымдастығы шеңберінде Қазақстан да жыл соңына дейін мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 78 мың баррельге азайтады.
JQ — Naryq

Сурет: freepik.com

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді