jasqazaq.kz

Оңалту орталығы көп баланың жүріп кетуіне жәрдемдесті

20 тамыз, 14:45

Шымкент қаласындағы TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығында «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» (ОТҚ) жобасы жемісті түрде жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалы оңалтудың техникалық құралдарын таңдау бөлімінің директоры Салтанат Ибраева үй жағдайында үй жағдайында оңалту қалай жүзеге асатыны туралы айтып берді.
«Пациент орталыққа келген соң барлық өлшемдері, бойы, салмағы алынады. Денсаулық жағдайына қарай арнайы техникалық құрал тағайындалады. Ол вертикализатор, жаяу жүргінші не тренажер болуы мүмкін. Ата-ана баламен келіп, 10 күн осы технологияны жетік меңгеріп, пайдалану тәсілі туралы сабақтан өтеді. 10 күннен кейін мәліметтері орталықтың базасына енгізіліп, дәрігер арнайы құрылғы тағайындағаннан кейін мамандар оны ата-ананың үйіне жеткізіп береді. Бала үйде пайдаланады, далаға шығармайды.


Ата-анаға вертикализатор екі айға беріледі. Екі айдан соң орталыққа келіп, дәрігер динамикасын байқайды. Егер баяу болса, тағы екі айға созады. Жалпы вертикализаторды төрт ай пайдаланады. Ал инновациялық коляска отыра алмайтын, басын ұстай алмайтын балаларға төрт айға тағайындалады. Төрт айда жағдайы жақсарса, колясканы вертикализаторға ауыстырады.
Қосымша уақытты қажет ететін болса, қосымша тағы екі ай тағайындап, барлығы 6 ай үйде пайдаланады.«QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасына қатысушы төрт жасар Айарудың анасы Іңкәр Қайырбаева бұл орталық туралы «сарафанды радиодан» естіп келгенін айтты.
«Айару қызым туабітті сал ауруымен ауырады. Өзім сияқты анадан естіп келдім. Осы вертикализаторды алуға келдік, құдай қаласа, осы құрылғымен жүріп кетеміз деп отырмыз. Үйде мұндай құрылғы алуға мүмкіндігім жоқ, себебі, бағасы 4 миллион теңге», — дейді жоба қатысушысы.
Тағы бір жоба қатысушысы: «Жоба аясында жүрдік. Орнымыздан тұрдық.
Біз үшін аянбай еңбек еткен, көп рахмет «Қазақстан халқына»,
министр Светлана ханымға!» — деп тақылдап тақпағын айтып берді.
Міне, Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы «Қазақстан халқына» қорының арқасында сәтті жүзеге асып, көптеген баланың жүріп кетуіне себепші болып келеді.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда