Олжас Ордабаев: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбейсе, кадр тапшылығы туындайды

14 қыркүйек 2023, 15:28

Қазір елімізде еңбек етіп жүрген жалдамалы жұмыскерлердің орташа жасы 30-45 аралығында. Бұл туралы елордада өткен HR-форумда баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жоғары білімі бар адамдардың саны артып келеді, яғни жалдамалы жұмысшылар нарығындағылар кәсіпкерлікке бет бұрып жатыр», — деді Олжас Ордабаев.
Еңбек министрлігінің деректері бойынша, жалдамалы жұмыскерлер нарығында жастардың үлесі азайып келеді.

«Біз байқап отырғандай, жыл сайын фриланс бағытына кетіп жатқан жастар көбейді. Дегенмен, фриланс әрқашан тиімді және нәтижелі бола бермейді. Сондықтан, еңбек адамының беделін арттыру керек. Қазір жалдамалы жұмыскерлердің орташа жасы – 30-45 аралығы. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 16-30 жастағылар көп. Осылай жалғаса берсе, тұрақты демографиялық жағдайға қарамастан, бізде кадр тапшылығы болуы ықтимал», — деп деректер келтірді Олжас Ордабаев.

Сонымен бірге, вице-министр жұмыс күшінің сапасын арттыру мәселесін шешу маңызды екенін атап өтті.
«Бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары білім мен дағдылар 10 жыл өзектілігін жоймайды деген пайым айтқан еді. Ал қазір қандай да бір сала бойынша білімді 2-5 жылда толықтырып отыру қажет. Алайда, бізде жалдамалы жұмысшылардың шамамен 7%-ы ғана жұмыс берушілер есебінен біліктілігін арттырады. Сондықтан, жұмыс күшінің сапасына қатысты сұрақтар өзекті болып қалып отыр», — деді Олжас Ордабаев.
Бұған қоса ол, жұмыс орындарын құру үдерісі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан қалыс қалып жатқанын айтты.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді