jasqazaq.kz

Олжас Бектенов су сапасына қатысты әкімдерге тапсырма берді

13 қантар, 13:34

Бүгін Үкімет отырысында сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету және ауыз су сапасы туралы мәселелер қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың назарын өңір тұрғындарынан келіп түскен ауыз судың сапасы мен жиі берілмей қалуына, сумен жабдықтау желілерінің тозуына, сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен іске қосу мерзімдерінің созылып кетуіне қатысты шағымдарына аударды.
Үкімет басшысы: «Жақында ғана Орал және Теміртау қалаларының тұрғындары судың сапасына қатысты мәселе көтерді. Жалпы өткен жылы сумен жабдықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға 70 мыңға жуық арыз-шағым түсті. Бұл өңір әкімдіктері не мердігер, не қызмет көрсетуші ұйымдармен қажетті деңгейде жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді. Жаңадан қосылған сумен жабдықтау және су бұру желілерін тиісті дәрежеде күтіп-ұстау шаралары қабылданбайды, сондай-ақ ауыз су сапасының нормалары сақталмайды», — деп атап өтті.
Осыған орай, әкімдіктерге әрбір шағым бойынша тексеру жүргізіп, міндетін адал атқармаған ұйымдарға қатаң шара қолдану тапсырылды.
«Мұнымен қоса, ескірген желілер, тұрғындар тарапынан сұраныстың өсуі, жаңа аудандардың салынуы қолданыстағы жүйелерді жаңғыртуды талап етеді. Сондықтан қызмет көрсету сапасын сақтай отырып, қамту ауқымын да кеңейту қажет. Жергілікті атқарушы органдар Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы маңызды. Оның оң нәтижесі – желілердің тозу деңгейі азайып келе жатқаны қазірдің өзінде байқалып отыр. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек», — деді Премьер-министр.
JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге