jasqazaq.kz

Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек

19 ақпан 2021, 11:44

«Әр саладағы тақырыптың оқырман көңілінен шығуы оны жазған адамға байланысты. Егер адам қарапайым тілмен жеткізе алса, ол өз оқырманын қалайда табады. Сондықтан мен қарапайым тілмен жеткізуге тырысамын. Қазіргі оқырман геосаяси мәселеге қызыға бастады. Өткенде Таулы Қарабақтағы оқиға туралы жазып едім, мыңнан астам адам оқыды. Егер ол тақырыпты жазбасақ, ешкім көрмес те еді. Біздің қазақ тілді оқырмандарға мықты идеологтар, блогерлер керек. Баяғыда Алаш қайраткерлері 1913 жылы «Қазақ» газетін ашты. Олар халыққа қандай жақсылық жасады? Ең алдымен, олар ағартушылықпен айналысты. Ескі хроникаларды қараған кезімде байқағаным, сол кездегі халық газетті сары майдай сақтап оқыған. Бізге де қазір осындай ағартушылық керек. Орыс тілді аудиторияны алатын болсақ, орыс пен украин контенттері әр саланы қозғайды. Біздегі блогерлердің ең мықты дегендерінің өзін оқи алмаймын. Мықты деп жүргендердің өзі бір жерден көшіреді. Бүгінде саясат туралы жазатын жас блогерлер өсіп келеді. Бізге мәдени, геосаясат, экономикалық салада жаза алатын мамандар керек. Әрқайсысы өз саласына машықтануы керек. Экономикалық мақалаларды терминмен емес, халыққа қарапайым тілмен жеткізетін мамандар керек. Осы кезде барып көптеген оқырманның көзі ашылады. Мен Қарабақ тақырыбын жазған кезімде көп оқырманнан хат келді. Олар мынаны біз қызықты әңгіме ретінде оқыдық деп айтты. Білімді ағартушылары жоқ қоғам деградацияға ұшырайды. Бүгінде рейтинг үшін өсек-аяңнан шыға алмай, біреудің жеке өмірін талқылайтын хабарлар көбейіп кетті. Әсіресе прайм-тайм уақытында халыққа осындайды көрсету сәнге айналды. Жалпы журналист жан-жақты болуы керек деп ойлаймын. Бізге мықты аналитик журналистер жетіспейді. Егер сарапшы журналистер болса, оларға сұраныс та жоғары болар еді. Бүгінде журналистердің жұмысын блогерлер басып алды. Менің ойымша, қазақ тілді 10-20 интеллектуал болса, мықты-мықты өз саласын жетік меңгерген сарапшылар болса, халықтың санасына әсер етеді. Оқырмандар олардың пікірін оқып, жан-жақты таңдау жасап, белгілі бір оқырмандардың ортасы қалыптасады. Бүгінде халық ақылды адамдарға шөліркеп отыр. 2010-2013 жылдары Фейсбукте отыратындар вахабизм, сопылық, тәңірші сынды тақырыптарды қамтитын. Ал бүгінде бұл желіде түрлі тақырыптарды талқылауға болады. Халықтың көзі ашылды. Саясатқа, экономикаға, геосаяси тақырыптарға қызығушылық таныта бастады».

Мақпал Ноғайбаева

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды