jasqazaq.kz

Өлгенше ұрып-соқты: Айзат Жұманованың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты

09 қантар, 10:40

Сурет: КТК

Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтіру ісі бойынша қоғамда кең талқыланған сот процесінде үкім шықты. Сот марқұмның күйеуін қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Судья Айбара Жанболатты кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық, Жетісу облысы Ақсу ауданында болған қайғылы оқиға 2025 жылғы 22 маусымда орын алған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Қылмыс 2025 жылғы 22 маусымда жасалған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің жабық бас-ми жарақаты, мидың ісінуі, бас сүйегінің түбі, қол-аяқтары мен жамбас сүйектерінің сынуы, сондай-ақ дөрекі бетпен сүйретілгенінің іздері анықталған. Бұған дейін ер адам әйелінің селфи түсіру кезінде терезеден құлап кеткенін мәлімдеген болатын.

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге