Оқушылар сарайындағы үйірмелер өз жұмысын бастады

07 тамыз 2023, 10:34

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді» деп атап көрсетті. Шымкент қаласында жуырда пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін алғашқы шәкірттерін қабылдап, үйірмелер жұмысын бастады. Үйірмелер 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша – 609, ғылыми-техникалық бағытта – 108, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында – 132, өнер және музыкалық бағытта –128, көркем-эстетикалық бағытта – 66 оқушы қабылданды.

Бүгіннен бастап тағы 15 үйірме сайтқа енгізілуде. Олар: гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері. Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал.

Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника, lego құрылысы, химия. Гуманитарлық және жастар қозғалыы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті. Өнер және музыкалық бағыт бойынша 8 атап айтқанда, домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка үйірмелері жұмыс істейді. Көркем-эстетикалық бағыт бойынша 3 — ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері іске қосылды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады