jasqazaq.kz

Оқулық жазу — ойыншық емес

23 шiлде 2025, 18:18

Ақпараттық ортада қазақ тілін үйрететін, тілді өз бетінше оқуға арналған түрлі құралдардың жарнамасы көбейіп келеді. Ондай құралдардың көбейгені құптарлық жәйт. Бірақ, соның арасында тілдің заңдылығы мен қалыптасқан ғылыми негізін ескермейтін, тілдің қадірін қашырып, тілшілер қауымын ұялтатын әдістемелік құралдардың кездесуі – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын алаңдатып отыр.

Авторының кәсіби білігі күмән туғызатын осындай оқу құралы туралы ақпарат бүгін Tengrinews сайты арқылы тарады. 

Тіл мәртебесіне нұқсан келтіріп, оны үйренгісі келген ортаның ықыласын бұзатын мұндай оқулықтардың таралуын шектеу – тіл жанашырларының ортақ міндеті. Қазақ тілін үйрету – тіл арқылы қазақ мәдениеті мен руханиятына құрмет қалыптастыратын аса жауапты міндет. Сондықтан тіл үйретуші құрал да сол биік жауапкершілікке сай болуы қажет.

Мектеп пен оқу орындарына ұсынылған оқулықтар арнайы тексерістен өтетіні белгілі. Алайда, жеке тұтынушылдарға арналған оқу құралдарына ондай талап жоқ. Бұл еркін нарық пен цензураға тыйым ережелерінен шығады.

Дегенмен де, тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның қолданыс аясын кеңейтуге жауапты ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өз тарпынан оқу құралдарына ғылыми-әдістемелік сараптама жасап, қолданысқа ұсынылатын  оқу құраларының тізбесін ұсынады. Жақын уақытта Til.kz сайтында осындай оқу құралдары жинақталған бөлек парақша шығады. 

Сонымен қатар, қазақ тілін үйренуші ортаға мынаны ескерткіміз келеді:

Біріншіден, тіл үйренуге арналған құралдың авторына назар аударыңыз. Ол кім? Ғылыми дәрежесі бар ма? Осы салада нақты тәжірибесі мен зерттеулері жарық көрген бе? Бұл сұрақтарды қою арқылы сіз тіл үйретуші құралға немесе адамға деген нақты талаптарыңызды анықтай аласыз. 

Екіншіден, бұл құрал қай баспадан шыққан? Қандай мамандар қарап, сараптап, мақұлдаған? Лингвистикалық немесе әдістемелік кеңестердің сүзгісінен өткен бе? Бұл сұрақтар сіздің таңдауыңызды жеңілдетіп, таңдаған құралыңыздың сапасын айқындайды. Егер оқу құралы сенімді баспадан, білікті редакторлар мен сала мамандарының сараптауынан өтпесе, оның жақсы оқулық болуы екіталай.

Фото: Tengrinews.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді