jasqazaq.kz

ОҚО-да үйден шыққан өрттен бір үйдің үш баласы өртеніп кетті

30 қараша 2017, 17:55

ОҚО-да жеке тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бір үйдің үш баласы тірідей өртеніп кеткен. Оқыс оқиға түн жарымда ауылды жерде болғандықтан, қызыл жалынан бір отбасының балаларын аман сақтап қалу мүмкін болмаған деп өңірдегі NUR.KZ.

Төтеншеліктердің мәліметінше, қайғылы жағдай ОҚО, Созақ ауданы, Шолақорған ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл кезде үйдің ішінде үш баласы мен әкесі болған екен. Өрттен алты жастағы, он екі және он үш жастағы балалар қайтыс болды.

Ал үйдің отағасын құтқарушылар аман алып қалыпты. Бірақ, оны күйік шалып, қазір ауыр халде аудандық ауруханада жатыр.

«Құтқұару пультіне 30.11.2017 ж. сағат 02.53-те Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан хабарлама келіп түскен. Өрт сағат 03.39-да оқшауланып, 03.48-де толығымен сөндірілді. Өрт 250 ш.м. құраған. Жеке үйде шыққан өрттің себебі белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде», — дейді ОҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда