jasqazaq.kz

Құмарханадан пара алған

09 қантар 2017, 11:49

Қазақстанның Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р. Жұмабаевты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Р. Жұмабаевтың Қапшағай қаласы аумағында орналасқан ойынхана өкілдерінен ойын мекемелерінің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қамқорлық жасап, салықтық тексерулер жүргізбеу үшін жүйелі түрде пара алғандығы анықталды. Мәселен, Р.Жұмабаев делдал өзінің ұлы Д.Уданов арқылы Қапшағай қаласындағы «ІнжуКZказино «ХО» өкілінен 5 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұсталды», — делінген Қазақстанның Ұлттық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта Р. Жұмабаев пен Д.Уданов ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес Іле аудандық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті