jasqazaq.kz

Өгей атасы қамауға алынды: Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысының жүкті екенін ешкім аңғармаған

15 қазан 2025, 9:38

Сурет: Deposiphotos.com

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы босанды. Ол әжесінің соңғы некеге тұрған күйеуінен жүкті болып қалған. Қазір жасөспіріммен жақындасқан күдікті тергеліп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Болат Көшқалиев, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары: — Аталған факті бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс толық бақылауға алынды.

Жас босанған оқушы Ойыл ауылындағы мектепте оқиды. Қазір бөбегімен ауруханада жатыр. Осы уақытқа дейін тоғызыншы сынып оқушысының жүкті екенін ешкім аңғармаған. Тек күні кеше «қуығым ауырды» деген соң дәрігер қараған кезде ғана толғағы басталғаны анықталыпты. Жасөспірімнің ата-анасы ажысарып кеткен. Ал нағашы әжесінің алпыстан асқан күйеуі өгей немересіне көз салыпты. Бала босанған бойда ол қамауға алынды. Мамандар оқушының биыл үш рет медициналық тексерістен өткенін айтады.

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:  — Қыз бала Ойыл ауданындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы. Ата-аналары ресми түрде ажырасқан, қазір анасымен бірге тұрады. Қыз бала осы уақытқа дейін үш рет медициналық тексерістен өткен. Мектептің жолдауымен скринингтен, жазғы лагерьге бару үшін профилактикалық тексеруден және денсаулығына байланысты қыркүйек айында медициналық тексерістен өткен. Үшеуінде де ерте жүктілік белгілері байқалмаған.

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді