Нұржан Қалжан: Бір туфлиі бергі жақта тұр, бір туфлиі арғы жақта тұр

19 қыркүйек 2023, 12:54

Әнші Нұржан Қалжан отандық бағдарламаға берген сұхбатында марқұм досы Руслан Бөлебайдың өмірін жалмаған жол апатының қалай болғанын айтып берді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мәңгілік есте қалатын күн болды ғой. Көлікте мен, марқұм Руслан мен Бауыржан деген жігіт, жездем және Гаухар деген журналист қыз болды. Рөлде мен отырдым. Түнгі сағат 03:00 шамасында. Жол апаты Жамбыл мен Гагарин көшесінің қиылысында. Мен соққан жоқпын, мені келіп соқты. Қысқасы, Алматыға Іңкәр деген әпкем, жездем, бала-шағасымен келген. Солармен қыдырып жүргенмін. Руслан хабарласып, «осындай жерде отырмыз, келсеңші» деді. «Жезделеріммен жүрмін, әпкем келіп еді» деп едім, ренжіді. Олар ертең Түркияға ұшатын болып жатқан. Әпкелерімді үйге тастадым да, жездемді «жүріңіз серік болып» деп өзіммен алып алдым. Сөйтіп, отырған жерлерінен алып, үйлеріне апарып тастайын дедім. «Жолдан Бауыржанды аламыз» деді. Бауыржан Төле би – Розыбакиев көшесіндегі дәмханада музыкант болып жұмыс істейтін. Соған сағат түнгі 02:00-де бардық. Барсақ, іші дүңкілдеп жатыр екен. Сыртта бір сағат күттік. Кафе жабылды, саксафонын машинаның артына салып, жүрдік. Төле би көшесінің бойымен келе жатырмын. Жароков көшесінен өтіп, Гагарин көшесінен оңға бұрылдым. Әңгімелесіп, жәй келе жатқанбыз. Сол жағыма қарасам, жарық келе жатыр. Жан дауысым шыққан кезде ұрды”, – дейді Нұржан Қалжан.
Жол апатынан кейінгі көрініс әншінің әлі күнге дейін көз алдында.
“Бізді соққан көлік жол патрульдік полициясынан қашып келе жатқан екен. Есімді жинасам, рөлге жабысып қалғанмын, айқайлап жатыр екенмін. Көлік мен жақтан, артқы есіктен соққан. Ол жақта Гаухар отырған. Руслан ортасында, Бауыржан шетінде отырған. Машинаның артқы есігін езіп жіберген, кейін ол айналып келіп, сау беті талға соғылған. Бауыржан мен Руслан екеуі басы бір-бірлеріне соғысты ма екен, өйткені бастан кеткен. Есімді жинап тұрып жатқан кезде «көмектесіңдер» деп айқайлап жатырмын. Орысша дауыстар шығып жатыр. Орыстар қазақша түсінбей қалады ма деп: «Помогите» деп айқайлаймын. 10-15 бала келіп, есікті жұлып алып шығарды. Жатырмын, бірақ Құдайдан бірнәрсе тілеп жатырмын. Жездем үйде алты қыздың ішінде бір ғана ұл, менің де бір ғана әпкем. Руслан мен Бауыржан өліп қалды екен деп мүлдем ойлаған жоқпын. Ол екеуі тірі деп ойлап жүрмін. Жездем алдында отырған, жоқ. Артқа ұшып кеткен. Жездем өлді деп ойлағанмын ғой. «Е, Құдай, мені алсаң ал. Жездем тірі қалсыншы» деп жатырмын. Бір кезде жездем қисалаңдап келе жатыр. Жездемнің тірі екенін білген соң әрі қарай есімнен танып қалғанмын. Ауруханада екі айдай жаттым. Үш ай ауылда жаттым. Сөйтіп өнерден қол үзіп қалдым», – дейді ол.
Нұржан досы Русланнан айырылып қалғанын кеш білген.
“Ауруханаға өнердегі әріптестерім келді. «Русландарға кіріп шықтық, жақсы» дейді. Ойымда ештеңе жоқ. «Қай ауруханада» десем, «№12 ауруханада» деп жауап берді. Мен №7 ауруханада жаттым. Бір күні түсіме кірді. Бір туфлиі бергі жақта тұр, бір туфлиі арғы жақта тұр. Бірден кеткенін білдім. Ұйқымнан ояна сала «Руслан өліп қалыпты ғой, неге айтпайсыңдар» деп жыладым. Сол жерде бәрі айтты. Түс арқылы біліп қойғанымды білді. Білмеймін, мүмкін тағдыр солай болған шығар. Руслан жанып тұрған бала еді, көрер қызығы алда еді», – деп еске алды ол.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді