jasqazaq.kz

Нұртөре Жүсіп: Рейтингтің соңына түскендіктен сөзіміз құнсызданып жатыр

03 мамыр 2023, 16:12

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп БАҚ-тағы сайттар мен басылымдарды рейтингпен жарыстырудың қажеті жоқ деген пікірде.

«Қазақта «Аттыға еріп, жаяудың таңы айрылыпты» дейтін сөз бар. Әлемде әр түрлі деңгейде дамыған мемлекеттер бар. Мұны ескерсек, рейтинг көрсеткішімен жарысу ақылға қонымсыз зат. Екіншіден, қазіргі таңда Қазақ елінің мемлекеттік құрылымында қалыптасу процесі жүріп жатқан кезеңде рейтингтің соңына түсуге болмайды. Мұның салдарынан қазір сөзіміз құнсызданып жатыр. Әлеуметтік желіде және эфирде бейәдеп сөздер мен әдетпен рейтинг жинауды мақсат тұтқан соң ол жердегі жұмыстың сапасы мен мән-мағынасы жоғалады», — деді Сенат депутаты.

Нұртөре Жүсіптің айтуынша, БАҚ саласына қатысты мәселелерді кешенді түрде қайта қарастыру керек.

«Тек мемлекеттік емес, жекеменшік болса да, оның түріне қарамай, қолдау керек. Дәстүрлі және жаңа медианы қолдауға арналған мәселе Президенттің Ақпараттық доктринасында қарастырылды. Енді оның тиімді жүзеге асқаны маңызды. Бізде журналистердің құқығын қорғайтын, кепілдік беретін «БАҚ туралы» заң бар. Қазіргі таңда аталған заң жобасы қайта қаралып, талқыланып жатыр. Біз тек мемлекеттік БАҚ деп бөлетін болсақ, бір жақты болып қалады. Бәріне бірдей жағдай жасауымыз керек, — деді сенатор.

JQ-Aqparat

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді