Нұрсұлу Әбдешқызы: Абайдың «Толық адамы» – жастардың ішінде көп

07 тамыз 2023, 12:14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтты Абайша сүю қажеттігін жастарға қарата айтқан болатын. Хәкім Абайдың бағыты бойынша, ұлтты сүю білімге, ғылымға ұмтылуымен өнер үйренумен өлшенсе керек. Абай Құнанбайұлының ұғым-түсінігіндегі «Толық адам» тұжырымына ұмтылудың маңыздылығы зор. Өйткені бұл ұстаным білім беру саласында да, ел басқару институттарында маңызы жоғары. Түркістан облысы, Төле би ауданындағы №8 колледж директоры Нұрсұлу Әбдешқызымен сұхбатымыз елімізде жастар саясатын жүргізудің тиімділігі турасында өрбіді.

— Колледж жанынан құрылған жастар орталығының тарихына қысқаша тоқталып өтсеңіз?

— Біздің жастар орталығы Төлеби ауданындағы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша 2014 жылы құрылған болатын. Сол жылы Индира Қамалханқызы Байдүйсенова орталықтың инспекторы болып бекітіліп, жемісті еңбек етіп келеді.

– Өзіңіз басшылық ететін колледжде жастар саясаты қалай жүргізілуде? Облыстың әлеуетінің артуына жастардың қосып жатқан үлесі қанша деп ойлайсыз?

–Жастар орталығы құрылған күннен бастап, орталықтың жұмыс жоспары бекітіліп, жастар саясатын жүргізудің нақты іс-шаралары түзілді. Мысалы, 2022-2023 оқу жылындағы Жастар ісі жөніндегі инспектордың жылдық есеп беру жоспарында «Отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыптарын негізге ала отырып, жұмыстар жоспарға сәйкес жоғары деңгейде атқарылды.

– Орталықтың атқарған жұмыстары туралы кеңірек тоқталсаңыз.

– Біз үшін де өткен оқу жылы жеміссіз болған жоқ. Нәтижеміз де, көрсеткішіміз де мақтанарлық. 2022-2023 оқу жылы 1-қыркүйекте Білім күнінің ашылуы салтанатты іс-шарасымен басталып,тамыз кеңесінің ұйғарымымен «Отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыптарында топ сағаттарымен студентерімізге арналған мерекелік құттықтау жиыны өткізіліп, Түркістан облысында жастар саясатының жүйелі жүргізіліп жатқанын айқындай түсті. Жиында колледж директорының уақытша міндетін атқарушы С. Донбаев мырза студенттерді құттықтап, өзінің ақ тілегін айтса, «Техникалық, кәсіптік білім» беру саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымыз студент жастарымызды отаншылдыққа, еңбекқорлыққа құштар болуға тәрбиелеуге аса зор мән беру керектігін нақтылады. Білім күнінің ашылу салтанатында 30 тамыз — Конституция күніне орай баяндама оқылды.
Енді өткен оқу жылында атқарған жұмыстарымыздың бірсыпырасына тоқталсам деймін.

Төлеби ауданы Ленгер қаласы Ақмешіт елді мекенінде «Таңсұлу» демалыс орнында Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев ауданымыздағы әр сала бойынша көшбасшы, белсенді жастарымен «Жаңа Қазақстан – бұл біз, жастар» тақырыбы аясында еркін форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесуге №8 колледждің белсенді жастарын, қоғамдық ішкі саясатқа бейімдеу мақсатында ЖІЖ инспекторы И. Байдүйсенова жетекшілік етіп бастап барды. Студенттер аудан әкімі Т.Телғараевтың жастарға деген көзқарасына, жан-жақты жауаптары мен өнегесіне дән риза болып қайтты. Аудандық Мәдениет үйінде Түркістан облыстық Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ұлт—мәдениетті Ана» жобасы бойынша өзге ұлт өкілдері арасында кездесу өтті. Колледжіміздің ЖІЖ инспекторы И.Байдүйсенова мен көркемдік жетекшісі Ж.Сахаева аналардан пайдалы кеңестер, үлгі алу мақсатында колледжде білім алып жатқан студент қыздарымызбен қатысып қайтты.

Бұл кездесуде қыздарымыз тәрбиелік мәні зор, насихат, ғибратты сөздермен сусындады. Отбасы құндылықтары мен әйелге тән қасиеттер туралы кеңестер айтылып, қадірлі анна болудың қыр-сырларын түсініп келді. Отырысты Түркістан облысының «Қоғамдық даму басқармасы» Қоғамдық келісім КММ Төлеби аудандық филиал басшысы Есімхан Мәдіханұлы Айтжанов пен Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Төлеби аудандық филиалының маманы Жақып Асылбекұлы Еркінбеков ұйымдастырды. Төлеби ауданы Ленгер қаласы №8 колледж мекемесінде «Оқуға құштар колледж» Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Төлеби ауданының 90 жылдығына орай аудан әкімі Т.Телғараевтың ұйымдастыруымен, өңірдегі жетекші ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп келе жатқан, Төлеби ауданынан түлеп ұшқан бірнеше шығарма авторлары Серік Жәнәбіл мен журналист, спорт комментаторы Бахтияр Тайжанмен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде №8 колледж студенттерінің қатысуымен өтті. Келешекте жазушы, журналист болуды армандап жүрген студенттер, қызығы мен қиындығы қатар жүретін, адамды танымал ететін мамандықтардың шығар биігі мен алар асулары туралы сауалдарына нақты жауаптар алды. Жастарымыз кездесуден жақсы, әсерлі көңіл күймен оралды. Мұндай кездесулердің елімізде жастар саясатын орнықты жүргізуге тигізер әсері де орасан.

– Жастардың арасында еріктілердің ісіне араласуға құштарлары да көп шығар? Кітап оқу жайы қалай?

– Біздің колледжде 2022-2025 жылдарға жоспарланған «Оқуға құштар колледж» іс-шарасының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Біз оқуға құштар буынбыз» атты еріктілер қозғалысы өткізілді. Еріктілер қозғалысында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылының тумасы шежіреші Момбек Әбдәкімұлының «Сүлеймен қарақшы» атты детективті хикаяты өте көп оқылды. Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығы артып, кітапқа сұраныс көбейді.

Еріктілер демекші, Қарттар күніне орай колледждің студенттері Ленгер қаласының тұрғыны қарт, жалғыз басты ана Любовь Ивановна Дмитриенконың үйіне барып, көмек қолын созды. Колледж оқытушысы Ж.Әйтімбетова мен ЖІЖ инспекторы И.Байдүйсенованың ұйымдастыруымен республикаға танымал ер-тұрман шебері Құрбанәлі Ағаділовпен кездесу ұйымдастырып, студенттерге оның өмір тарихы мен ұсталық шеберлігі туралы толық ақпарат алуға жағдай жасады. Ол өз кезегінде ұлттық қазынамыз қолөнер шеберлігі қазаққа біткен қасиет екенін түсіндіріп өтті.

Колледжіміздің жастар ісі жөніндегі инспекторы И.Байдүйсенова фракция басшылары мен топ басшыларын жинап, дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырып, күн тәртібіне Студенттік Үкіметтің жоспарын талқылау да жолға қойылған. Жиналысқа қатысушылар өз ойларын ортаға салады. Алдағы уақытта өзін-өзі басқару ұйымының кезекті сайлауын ашық түрде өткізу ұсынылды. Өткізілетін іс-шаралар таныстырылып, тапсырмалар беріледі. Топбасшылар өз міндеттерін жауапкершілікпен атқару керектігін атап өтті. Мұндай жиын студенттерге үлкен күш-жігер беретіні ақиқат.

– Түркістанның жеке облыс болып отау құрғанына да бес жылдан асты, жастар саясаты қалай жүзеге асырылып келеді?

– Жоғарыда айтып кеткендей, жастар саясаты әбден ойластырылып, сараланған жоспарға сәйкес жүргізіліп, заман сұранысы мен күн талабына толық сай келетіндей жүзеге асырылып жұмыс жасап келеді.

– Сіздердің оқу орнында оқитын жастар облыс әкімдігімен байланыс орнатып, бірлескен іс-шаралар өткізе ме?

— Иә, бұл қойған сұрағыңызға жоғарыда айтылған атқарылған жұмыстар дәлел. Барлық өткізіліп жатқан іс-шара облыс әкімдігімен байланыс жасау арқасында жүзеге асады.

— Жастардың қоғамдық-саяси шараларға қатысу белсенділігі қалай? Наурыз айында өткен Парламент Мәжілісінің сайлауына өзіңіз басшылық ететін жастар қаншалықты үлес қосты?

— Студенттеріміз қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысады, мұны жоғарыда келтірген мәліметтерден байқаған боларсыз. Ал Парламент Мәжілісінің сайлауына колледж ұжымы, әрине, оның ішіндегі жастар бірауыздан атсалысты.

— Өзіңіздің замандас, қатарластарыңыздан не күтесіз, еліміздің болашағы жастардың қолында, олай болса жастар қандай болуы керек?

— Замандас-құрдастарым бүгінгі күрмеуі қиын, қиындыққа толы заманда жастарға соларды шешудің тиімді де, қысқа мерзімдік жолдарын айнытпай таңдауға қол ұшын беруге міндетті деп санаймын.

— Түркістанның облыс болып құрылып, жеке бөлініп шыққанына бес жыл болды дедік, бес жылдағы өзгерістер, жаңарып, жаңғыруы, түлеп, түрлену ісізді де қуанта ма?

— Ия түркі елінің рухани астанасы қасиетті Түркістан облыс болғалы бері оның ажары мен инфрақұрылымы түбегейлі өзгеріп жатыр. Әрине, облыс орталығының жаңарып, рухани жаңғыруына, дамып өркендей беруіне, бәріміз де қолдау білдіруіміз қажет.

— Еліміздің келешегі жастар десек, сіз басқаратын оқу орнында қандай мамандықтар бойынша білім алады?

— Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану; Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша); Тамақтандыруды ұйымдастыру; Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу; Токарлық іс
(түрлері бойынша); Электр жабдықтары ( түрлері және салары бойынша).

— Олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қандай? Жергілікті әкімдік бұл мәселенің де оңтайлы шешілуіне қолдау көрсете ме?

— Әрине, әкімдік те, Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығы да оқуды бітірген түлектерімізге «Жастар бағдарламасы» бойынша таңдаған мамандықтарына сай жұмыс орындарын тауып беріп жатыр. Бұл орайда мәселе оңтайлы және екі тарапқа да қолайлы болатындай шешімін тапқан дер едім. Білім беру саласында еңбек етіп қана қоймай, осылай жастар саясатына да өзіндік үлесімізді қосып жүргенімізді мақтаныш етеміз.

— Сауалдарымызға тұшымды жауап қатқаныңызға рахмет! Істеріңіз ілгері баса берсін.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет
Түркістан облысы
Төлеби ауданы

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?