jasqazaq.kz

«Нұрлы жер»: Ақтөбеліктер таунхаусқа қоныстанды

02 желтоқсан 2017, 12:54


Ақтөбедегі «Нұр Ақтөбе» ауылында 273 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жиған ақтөбеліктер таунхаустарға қоныстанды.
Тұңғыш Президент күні Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің алғашқысы қолданысқа берілді. ҚазАқпарат хабарлағандай, «Нұр Ақтөбе» ауданында екі жылда 56 көпқабатты тұрғын үй салынуы тиіс болса, онда 2500 пәтер бар. Биыл бұл жоспардың тең жартысы іске асырылады.

Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Жандос Байырханов «Бүгін 273 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жинағандар арасында мұғалімдер мен дәрігерлер, қарапайым тұрғындар бар. Бұл ауданда құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Мұнда саябақ, 900 орынды мектеп пен балабақша құрылысы жүргізіледі. Қазір барлығы 11 құрылыс компаниясы тұрғын үй салып жатыр», — деді.
«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйдің әр шаршы метрі 120 мың теңге. Бұл еліміздегі төмен бағалардың бірі.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір қиындыққа, дағдарысқа қарамастан халықтың тұрмысын, әл-ауқатын арттыруға тапсырма берді. Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету басты назарда тұр. Ақтөбеде өз жоспары бар. Биыл Ақтөбеде 700 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 580 мың шаршы метр болған еді. «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданы үлкен қалашық болады. Үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатыр. Қалашықта 4200 пәтер беріледі. Алдағы 5 жылда жаңа ауданда 100 мыңға жуық адам тұрады», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жаңа ауданда әлеуметтік нысандар салынып, қосымша қоғамдық көлік шығарылады. Жолдар жөнделіп, емханалар ашылады. Тіпті, өзен жағасы демалыс орнына айналады. Бейнекамера қондырылып, аулалардағы қауіпсіздік бақылауға алынады. Жаңа ауданға көшіп, қоныс тойын тойлаған жас отбасы өздерінің байқаудан өткенін естігенде қатты қуанды.

«Бұған дейін біз пәтер жалға алып, қосымша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашқан болатынбыз. Құжаттарымызды жинап, жаңа ауданға көшуге жоспар жасадық. Байқаудан өткенімізді естіген кезде қуанышымызда шек болмады. Пәтер өзімізге ұнады. Біздің екі баламыз бар, өзім жүргізуші болып жұмыс істеймін. Енді 13 жыл төлеймін. Айына 37 мың теңге төлеймін»,- деді пәтер иесі Алмат Шолақов.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні бұл ауданда 194 коттедж пайдалануға беріледі.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда