jasqazaq.kz

Нұрлан Еспанов әнші ме, әлде блогер ме?

22 мамыр 2023, 16:13

Отандық әнші Нұрлан Еспанов өзін әлеуметтік желіде неліктен блогер деп атап қойғанын түсіндірді. Отандық бағдарламаға келген өнер иесі әншілікті тастамағанын мәлім етті. Бағдарлама барысында тележүргізушінің бірі әншіден «Сіз блогерсіз бе? Әнші қайда? Еліміздің мәдениет қайраткері деген дардай атағыңыз бар. Неге парақшаңызға блогер деп жазып қойдыңыз», — деп сұрады. Ал әнші әлеуметтік желіні өзі жүргізбейтінін, блогер деп ұлының жазып қойғанын мәлім етті.

«Блогер деп балам жазып қойыпты. Негізі блогер емеспін. Әлеуметтік желіге көп көңіл бөлмейтінмін. Әлеуметтік желідегі парақшамды ұлым Олжас жүргізеді. Олжас мені «Блогер» деп жазып қойыпты. Қазіргі таңда әлеуметтік желі сұранысқа ие ғой. Сіздер «Жарнама салып, байып жатыр» деп ойлап қалмаңыздар. Менде дос көп. Маған «Ренжиміз, желіге жариялап беріңізші. Сіздің оқырмандарыңыз шынайы ғой» дейтіндер көп. Мен аламын да үйіп-төгіп желіге жариялап беремін. Жаңа ән жаздым. Қазан айында концертім болады. Бүкіл қазақ эстрадасы жиналады. Елуге толдым ғой. Алдын ала дайындалайыншы дедім», — деді Нұрлан Еспанов.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады