Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды

30 сәуiр, 13:48

Мемлекеттің тірегі – халық. Ал сол қалың бұқараның базынасын басқарушы билік, атқарушы органдар елеусіз қалдырмай тыңдап, тыңдап қана қоймай оңтайлы шешуі міндет. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында негізгі бағыттың бірі ретінде айтып, жүзеге асыруды жүктеген болатын.

Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевпен сұхбатымызда Президент тұжырымдамасының қаншалықты жүзеге асырылып жатқанын талқыладық.

— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша билік пен бұқара арасына көпір орнатып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау қаншалықты жүзеге асуда? Аудандағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесу ай сайын өткізіле ме?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес, жарты жылда бір рет әр ауылдық округте және елді мекендерде кездесу ұйымдастырылады. Халықпен кездесулердің нәтижесінде ауданда 193 проблемалық мәселе көтерілген болатын. Осы проблемалық мәселелерді шешу үшін 2024-2026 жылдарға Жол картасы әзірленіп, бүгінгі күнге 36 мәселе толығымен шешімін тапты.

– Өзіңізге аудан әкімі қызметі жүктелгеніне де жарты жылдан асты. Халықтың қандай мәселесі шешімін тапты? Келешектің еншісінде нендей қордаланған шаруалар шешіледі?

— Облыс әкімінің қолдауымен 2024 жылы 58 проблемалық мәселені шешу үшін 8 368,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Қалған проблемалық мәселелер де оңтайлы реттеліп, кезең кезеңімен шешімін табады.

Биыл «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 7 елді мекенге мал дәрілеу орындарын орнатуға 27,1 млн теңге бөлінді. 14 елді мекенге 7,7 млн теңгеге мал қорымдарын салу мақсатында жобалық іздестіру жұмыстарын жасалды.

Оның сыртында облыстық ветеринария басқармасы арқылы 2024 жылы 7 елді мекенге мал қорымдарын салуға 158,1 млн теңге бөлінді. Мұның барлығы да сұрағыңызда қамтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жемісі. Тұрғындар жүздесуде өздерінің базынасын айтады, соны іске асырып, мәселені оңтайлы шешу — билік өкілдерінің міндеті.

Ауданда 10 канал бар. Осы каналдар арқылы суарылатын жер көлемі 9 198 гектарға жетті. Су жеткізетін каналдардың биылғы құрылысына бөлінген сома 8,2 млрд теңге. Өткен жылы аталған жұмыстарға барлығы 27 млрд теңге қаржы бөлінді.

Жайылымдық жерлерге су жеткізу мақсатында, малшы отарларының арасына тартылатын құбырлардың құжаттары толығымен дайындалып, жоба құны 2 млрд теңгені құрады. 2022 жылы 1,8 млрд теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 212 жобаның құжаттары (1 млрд 498 млн теңге) «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жолданды. 95 кәсіпкер 841,5 млн теңге несие алды. 80 жоба 524,6 млн теңгеге оң қорытынды алып, 37 жобалардың құжат пакеттері облыстық комиссияның қарауында жатыр.

Халықтың мал өсіруіне жер тарлық ететіні, арнайы мақсатта игілігін көреміз деп алып қойып, не өзі игермей, өзгеге рұқсатын бермейтін жер иелері бар. 2024 жыл басынан нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 14 259 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 11 631 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Кеген ауылынан жеке тұрғындарға 50 үй салуға және инженерлік-коммуникациялық желілерімен абаттандыруға 700,3 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта орындалу көлемінің 80%-ы жүзеге асты.

30 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 1 231,8 млн теңге бөлінді, қазіргі уақытта орындалу көлемі 60%-ға жетті.
Кеген ауылынан Жастар орталығының құрылысын салуға 257,0 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Жалағаш (419,2 млн теңге), Қарқара (220,8 млн теңге), Бөлексаз (121,8 млн теңге) ауылынан мәдениет үйінің құрылысы жүргізілді. Биылғы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Жылысай ауылынан мәдениет үйінің құрылысын салуға 200,0 млн теңге бөлінді. Мұның барлығы сол ауылдың мемлекетке артқан аманаты. Келешекте Шырғанақ ауылының мәдениет үйінің құрылысын салуға ЖСҚ-н жасатуға 27,0 млн теңге, Тұйық ауылынан мәдениет үйін салуға ЖСҚ–н жасатуға 1,0 млн теңге бөлінді.
Жылысай, Тасашы, Бөлексаз ауылдарындағы жергілікті әкімдік ғимараттары ескірген. Кейбірі құлауға шақ тұр. Осы маңызды нысандардың ЖСҚ-ын 62,7 млн теңгеге дайындалды және Кеген ауылынан 35 тұрғын үйдің құрылысын салуға облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

– Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудан халқымен кездесуінде берілген тапсырмалары қаншалықты орындалып отыр?

— Облыс әкімінің аудан халқымен кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға жоспар жасалып, орындалуы қатаң бақылауда. Жоспар бойынша 45 тапсырма берілген болатын. Оның 15 шешімін тапты, 30 орындалу үстінде.

Шешімін тапқан мәселелердің ішінде Бөлексаз ауылының ауыз су жүйесін толық бітіру, Кеген ауылындағы 2 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, Шырғанақ, А. Нүсіпбеков ауылдарының ауыз су мәселесі, ауданға инвестиция тарту, ауыл іші көше жолдары мен көше жарық шамдарын орнату бар.

Шырғанақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу жұмыстарына 644,1 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Ақай Нүсіпбеков ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына 935,8 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмысының 90% орындалды.

Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 432,8,0 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын толық аяқтау жоспарлануда. Кеген (50,0 млн теңге), Кеңсу (28,2 млн теңге), Жіңішке (36,9 млн теңге) ауылдарының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 115,1 млн теңге бөлініп жұмыстар аяқталды.
Биылғы жылы Кеген ауылынан коллекторлы дренаж салуға 271,8 млн теңге бөлінді. 6 елді мекенге ауыз жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-ы дайындалды және 2024 жылы 5 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ жасауға 105,2 млн теңге бөлінді. Су — тіршілік көзі, аудан тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету — облыс әкімінің негізгі тапсырмасының бірі.

Кеген ауылындағы 5 көп қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 135,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жалғасады.

26 елді мекеннің көшелеріне жарық шамдарын орнатуға 164,4 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 25 ауылға толық орнатылды. Кеген ауылына биылғы жылы орнатылады. 2024 жылы көше жарық шамдарын орнатуға қосымша 25 елді мекенге 908 бағанаға 164,3 млн теңге бөлінді. А.Нүсіпбеков, Қарабұлақ, Қарқара, Ұзынбұлақ, Түменбай ауылдарының қатты қалдықтарды тастайтын орындарын қоршауға 100,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы қосымша 8 елді мекенге қатты қалдықтарды тастайтын орынды қоршауға 184 млн теңге бөлінді.

10 елді мекенге балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңын орнатуға 2023 жылы 62,6 млн теңге бөлініп, 2024 жылы жұмыстарды аяқтауға 17,7 млн теңге бөлінді. Қосымша 9 елді мекенге балалар ойын алаңын орнатуға 180,0 млн теңге бөлінді. Шағын футбол алаңын 9 елді мекенде салуға 153,0 млн теңге жұмсалды.

Жол жөндеу жұмыстары аудандағы 12 елді мекенге ауыл ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 359,0 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар биылғы жылға өтпелі жоба ретінде бірнеше шаруа жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Ұзынбұлақ ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 36,9 млн теңге бөлініп, бүлінген жолдар бүтінделеді. Саты ауылынан Саты көлі дейінгі аралықтағы жолды орташа жөндеу жұмыстарына 92,8 млн теңге қарастырылып отыр. Тұйық ауылының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 3,0 млн теңге, Тоғызбұлақ ауылының көшелерін жөндеуге 118,8 млн теңге, Кеген ауылының көше жолдарына орташа жөндеу жүргізуге 6,8 млн теңге, Мыңжылқы-Шарқұдық жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 500,0 млн теңге, Ақтасты ауылының көшелерін орташа жөндеуге 100,0 млн теңге, Көкпияз ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 85,5 млн теңге, Ереуіл ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізу 40,0 млн теңге бөлінді. 2024 жылға ауыл іші жолдарын маршруттық тәсілмен және орташа жөндеу жұмыстарын бастауға 8 елді мекенге 655,9 млн теңге бөлінді. Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына 1,1 млрд теңге бөлініп, жұмыстары 45 % бітті;

К. Нұрпейісұлы атындағы орта мектебіне күрделі жөндеуге 876 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

Жіңішке (18,7 млн теңге), Кеңсу (13,7 млн теңге) А.Нүсіпбеков (49,0 млн теңге) мектептері ағымдағы өндеуден өткізілді.

Тасашы ауылындағы Тасашы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1,1 млрд теңге бөлінді.
Кеген ауылындағы Кеген өнер мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 300,1 млн теңге бөлінді.

«Балбөбек» (11,0 млн теңге), «Балауса» – (18,3 млн теңге) балабақшаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 29,3 млн теңгеге және Тұйық орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 13,0 млн теңгеге ЖСҚ жасалуда.

Алғабас ауылының дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға 136,0 млн теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар Шыбышы, Тұйық, Бөлексаз, Жалаулы ауылдарына модульді медициналық пункт салу үшін 126,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

Кеген аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі, асхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындауға 42 млн теңге, Ақтасты ауылындағы медпункт күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындауға 12 млн теңге.

Ұзынбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындауға 10 млн теңге қаржы бөлініп, құжаттары жасалып жатыр. 2024 жылға Қарабұлақ ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 356,0 млн теңге, Саты (63,5 млн теңге), Тоғызбұлақ (43,2 млн теңге) ауылының мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінді. Міне, осындай келелі істерді атап айтуға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы — халықпен жиі кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, талаптарын орындау. Бұл жергілікті биліктің бұлжымас міндеті екені даусыз. Бізге сол қызметті абыроймен атқарып, аманатты арқалай алу маңызды.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Қуаныш Разақ,
Алматы облысы, Кеген ауданы

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?