jasqazaq.kz

Әнуар Нұрпейісов: қыздар, кірпік өсіргенше, кітап оқыңдар!

11 желтоқсан 2016, 19:11

Актер Әнуар Нұрпейісов «Астана аруына» тосын сұрақ қойып, жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Сұрақ қоярдан бұрын актер өткен жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысушы кітап оқымайтынын мойындағанын еске алды.

Вaq.kz хабарлағандай, бұл жолы әділ-қазылар құрамында болған белгілі актер «Астана аруы» Елназ Нұрсейітовадан болашақта балаларына қандай үш кітапты оқуға кеңес беретінін сұрады. Ару бұл сұрақты күтпесе керек, сасып қалды.

«Мен өз балама Әнуар Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын оқуға кеңес берер едім» , – деп жауап берді Елназ Нұрсейітова.

Әнуар Нұрпейісов қыздың сөзін бөліп жіберіп, бұл кітаптың авторы емес екенін ескертті.

«Кешірім өтінемін, «Қараш-қараш оқиғасы», – деп екінші кітапты атады «Астана аруы». Содан кейін залдың көмегімен тізімге «Абай жолын» қосты.

Жауапқа көңілі толмаған Әнуар Нұрпейісов қазақстандық қыздарға кірпік өсіргенше, кітапты көбірек оқуға кеңес берді.

«Қыздар, сұлулық байқауларына жалған кірпіктеріңді көрсетуге келуді доғарыңдар. Білім алуға ұмтылыңдар, білімнен жарысыңдар», — деді ол.

Айта кетерлігі, астаналық арудың анасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан аруы-2016» байқауын қызылордалық Гүлбану Әзімханова жеңіп алды.

Ал 1-ші вице мисс атағын астаналық Елназ Нұрсейітова, 2-ші вице-мисс атағын көкшетаулық Жанара Найманбаева алды, 3-ші орын өскемендік Анастасия Усольцеваға бұйырды.

Осылайша, сайыстың жеңімпазы 5 млн теңге көлемінде сыйақыға ие болып, «Әлем аруы-2017» халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды