Ninety one тобының мүшесі: Хейт өмірге деген көзқарасты өзгертті

02 тамыз 2023, 13:40

Ninety one тобының мүшесі, көпшілікке Бала лақап есімімен танымал Данияр Құлымшы хейтерлер жайлы айтты. Өнер иесі отандық бағдарламада хейттің топ жетістігіне қалай әсер еткенін баяндап берді.

«Ол нәрсе болды. Алғашында қабылдамайсың. Сендер дұрыс айтып жатқан жоқсыңдар дейсің. Біз ондай емеспіз дейсің. Қаншама жыл өтті? Ол нәрсенің бәрін осы жылдар ішінде ойланып үлгересің. Адамдардың айтқан пікіріне байланысты Ninety one тобының жолы қалыптасты. Адамдардың айтқанына байланысты топтағы әр бала жауап іздеді. Осыған байланысты біз өз жолымызды таба бастадық. Ninety one тобы нақты осы жолмен жүр деп айта алмаймын. Алайда, біз адамдарға жамандық тілемейміз, жамандық жасамаймыз. Біздің әндеріміздің мәтінін оқып, шынымен түсінетін болсаңыз, көзді ашатын біраз нәрсе жатыр. Хейтке байланысты біздің жолымыз тазаланды. Менің ойымша, кішкентайымыздан халық еркелеткен әртіс болсақ, тіпті мұндай толыққанды картина құралмас еді. Осындай хейтті және адамдардың басқа ойы болады дегенді білмесек, мұндай ізденіске жетпес едік. Хейт өмірге деген көзқарастың өзгеруіне, есеюге, жауапкершілік алуға әсер етті. Сондықтан біз хейтерлерімізді жақсы көреміз», — деді Данияр Құлымшы.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады