jasqazaq.kz

Ниетің өзіңе жолдас болсын!

12 ақпан 2021, 12:03

Бұл – ел бірлігін, жер тұтастығын, рухани тазалықты аманат еткен әйгілі Бекет баба батасының бір түйіні. Ойлап қарасаңыз, әрбір істің сәтті, табысты болуының жолын айнытпай айтқан.

Дүниенің нәзік пернесі, халық жанының айнасы – тіл болса, кез келген мемлекеттің сапасын анықтар бір өлшем – мемлекеттік тілі. Оны менсінбегендер өз-өзін шеттейді, жұтаң еткісі келгендердің өзі құрдымға жұтылады. Дамуына кедергі жасап, оңай шешілетін мәселені сөзбұйдаға салғандар, әсіре саясиландыруды қалағандар шаңға көміліп қалады. Кердеңнің да жолы тұйыққа тіреледі. Қағынан жерігендердің кедергісі Жаратқан заңын, табиғи даму мен өрістеуді тоқтата алмайды. Сондықтан тұтас елдің басты белгісін, жанының айнасын ешкім айналып өте алмайды. Өйткені оның елді біріктіретін, халықты топтастыратын құдыреті, қайраты қашанда биік, асқақ тұрады.

Елдің әрбір азаматы ұлтына, нәсіліне, жынысына, әлеуметтік ортасына қарамай, мемлекеттік тілге – мемлекеттің рухани байлығына қандай үлес қостым, не үлес қоса аламын деп күн сайын, сәт сайын алаңдауы қажет. Сондай жауапкершілікті сезінбейінше, елдің азаматтық ынтымағы, сенімі толыққанды болмайды. Әрине, Тәуелсіздігіміздің 30 жылы зая кеткен жоқ. Біздің өз жолымыз – қайталанбас қазақстандық жолымыз бар. Жаңа – жеңбек, ескі – көнбек. Жетістігіміз жаңасына жалғасуы тиіс. Осындай бір ниетті, мемлекетшіл болу үшін білім-білік те, ақыл-ой да, амал-тәсіл де, үйренуге, үйретуге жәрдемші құрал да (ақылы, ақысыз) керегі өз алдына, алайда одан да маңыздысы, ең бастысы – мемлекеттік тілге деген қажеттілік, мұқтаждық пен мәжбүрлік. Мұның бәрі – мемлекеттің, соның ішінде әрбір отбасының қолындағы іс. Тәуелсіздік жылдар тәжірибесіне қарасаңыз, осы ниеттің түрлі деңгейін аңғарасыз. Асылы да, жасығы да болды. Қоғам, ата-ана дүр ете қалып, балаларын жаппай қазақ мектептеріне берген, перзентімен қосылып тіл сындырған кезең естеріңізде шығар. Осы шынайы ниет бүгін неге бәсең? Жаңарған, жұнттай жарқырағын қазақ мектептері бүкіл бастауыш, орта білім жүйесін жеңіске, табысқа тарта алатын күшке айнала алды ма? Сондай тартымды, қуатты күшке айналу үшін қоғам, жауапты орындар не істеуі керек? Сұрақ көп. Жауабы да бар секілді.

Ендеше рухани ұстаз Бекет баба айтқандай, ниетіміз жақсы істерімізге жолдас және жолбасшы болғай!

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды