Неменеге зарлай береміз «жоқ» деп?

28 қыркүйек 2023, 15:26

Блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде көмек сұрайтындардың  бар екенін айтты. Мәселен, бір оқырманы перзентханаға апаратын сөмке алып беруін өтініпті. Блогер оған: «Қыздар, ашық сөйлесейікші. Өтірік көпке жағыну үшін мейірімді адамның маскасын кимей. Осылай сұрайтын қыздар, сіздер жетімсіздер ме? Айдаладағы, өмірі көрмеген блогерден сұрауға қалай ұялмайсыздар. Өзіңіздің ағайын, туыс ешкім, сол туылатын баланың әкесі, оның туған-туыстары мүлде жоқ па?» — деген сауал тастайды.

Ырысбаланың тағы бір оқырманы мүмкіндігі шектеулі екенін, несиесін өтей алмай отырғанын айтып, көмек сұраған.

«Артық сөйлесек, Алла жазықты етпесін. Әркімнің жағдайы өзіне мәлім. Дұрыс, кредитсіз қазақ аз. Бірақ әркім көрпесіне қарап көсілуі керек шығар. Сол кредитті алатын кезде 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның пенсиясы қанша екенін, кредит алған соң қанша төлейтініңізді білген шығарсыз. Өз еркіңізбен алған кредитіңіз үшін түнгі сағат он екіде мені мазалау қаншалық дұрыс? …Қыздар, қиындық барлығымыздың басымызда болды, әрмен қарай да болады. Бірінші баламды босанғанда, көп киім алуға ақша жоқ, дұрыс памперс те кигізе алмайсың, киімдеріне дәреті өтіп кетсе, сол жерде жуып, кептіріп, қайта кигізіп. Оны көрген медсестралар сөйлеп, киім жаюға болмайды деп палатада. Қасымдағы әйелге иісі бұрқырап, неше түрлі тамақтар келіп жатса, менің артымнан сиырдың құр сүйегінен әбден қайнатып, түсін аппақ қылып, күйеуім өзі істеп әкелген сорпа. Соны теріс қарап жылап отырып ішіп,  сиырдың сорпасы ішті кептіреді екен ғой, баланың іші кеуіп, баламен қосылып тағы жылап жүргенмін. Ол күндер де өтті… Роддомнан күйеуім жалғыз өзі таксимен келіп, шығарып алып. Үйге барғанда, үйдің ішін тап-таза қылып, жинап, жуып, жылтыратып қойған. Бірақ жеуге тамақ жоқ. Мен роддомнан шығамын, анализ, обход деп жүріп, таңғы ас ішпегенмін. Кешке үйге бір-ақ келіп, балаға сүт керек, өкіріп тұрып жылағанмын. Баланы шошытпайын деп жастыққа тұншығып. Сол күндерден біреуіңіз келіп, шығарып алған жоқсыздар ғой. Көре-көре Алла қолдап, халық қолдап, бас көтеріп шықтық қой. Неменеге зарлай береміз жоқ деп?» — дейді ашынып.

JQ-Aqparat

 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді