jasqazaq.kz

Өндіргеновтен «өндіріледі»

04 тамыз 2016, 11:12

photo_184718

Қазақ буржуазиясы қалыптасып келеді деп жүрген көпшіліктің көңілі неден қалды? Оған депутаттың өзі де кінәлі ме? Қалың бұқараға неге кәсіпкердің миллиардтары мен «жалаңаш» видеосы қызық болды?.
Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, жергілікті автопарктің жетекшісі, кәсіпкер, әрі меценат Мейіржан Өндіргенов осы аптада төрт жылды арқалап кете барды. Жыл жарымға созылған атышулы сот процесі қоғамның қызу талқысына түсті. Қалың көпшілікке оның миллиардтары қызық болса керек. Өндіргеновке тиесілі қаражатты тергеушілер бес сағат ақша есептейтін құрылғымен санағанын айтып, таңдай қағысып жатты. Таңғалуға да болады. Себебі тінтіу кезінде 1,5 млн теңге емес, үйінен 1,5 млрд теңге табылған. Ал өткен жылы М. Өндіргенов пен «Автопарк» мекемесінің бұрынғы директоры Е. Әділовке 4,5 миллиард теңге жымқырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын. Ол бес жыл бойы зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі «Автопарк» арқылы ақысыз тасымалдағаны үшін заңсыз субсидия алып келіпті.
Басына іс түскенде, әсіресе өзінен қамқор көрген жандар арасында оны қорғаштайтындар табылды. Ғаламтор беттерінде бейнероликтер пайда болып, танымалы бар, аса танымал емес жұлдыздары бар, «Мейіржанды ақтап алу керек», — деген сарында пікір білдірді. Күндердің күнінде ватсап арқылы анайы сипаттағы бейнеролик тарап кетті. Депутаттың неге ондай жайтқа барғаны түсініксіз. Жұртшылықтың назары миллиардтардан әлгі «жалаңаш» роликке ауып, депутат туралы жағымсыз пікір қалыптасты. Оны қорғаштап жүрген жанашырлары бірден кезінде ақтап алу үшін салған бейнероликтерін өшіре бастады.
Осы аптада сол өңірге алаяқтығымен есте қалған бұрынғы депутатың ісіне қатысты нүкте қойылды. Облыстық соттан хабарлағандай, Мейіржан Өндіргенов «алаяқтық, яғни мемлекеттік бюджетті адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, алдау арқылы, аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі» деп танылып, 4 жыл мерзімге, компанияның вице-президенті Ербол Әділов 3 жыл мерзімге, бас бостандықтарынан айрылып, жаза өтеу орны жалпы режимдегі түзету колониясы белгіленген болатын. Сонымен бірге олардың мүліктері тәркіленетін болды. Өндіргеновтың үйінде, жұмыс орнында және банк есепшоттарында табылған қаржының келтірілген залалды жабу үшін және мемлекет пайдасына өндірілетіні белгілі болды. Депутатты «Құрмет» орденінен айыру туралы да ұсыныс түсті.
Сот үкіміне сәйкес, депутат бастаған бірнеше адам субсидия ретінде берілген 900 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырып, мемлекеттік бюджетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.

 

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды