Әнде де тағдыр бар…

24 желтоқсан 2016, 13:34

«Құлақтан кіріп, бойды алар» дейді ұлы Абай ән жайлы. Санаңа сілкініс тудырып, жан дүниеңді әлем-тапырық күйге бөлейтін өнердің осы бір ерекше түрінің бар құдіреті тек әуенінде ғана ма? Музыканы жүрекке мың есе әсерлі етіп жеткізуде орындау шеберлігінің де алар орны орасан.

Көңіл көзінен өткізіп, жүрек пернесі дөп табылып айтылған ән тыңдаушысының да санасында ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Осы орайда: «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!» дейтін ән дүлділі Біржан сал тілегінің астары да осы ойымызбен тоқайласса керек.

Иә, «»Ән дегеніміз – сығымдалған драматургия». Музыка зерттеушісі Ілия Жақанов әнге осындай анықтама береді. Демек, әннің тағдырын зерделеп, жүрек көзінен өткізіп, сезініп айту – орындаушынан да салиқалы зерттеу мен салмақты сараптаманы қажет етеді екен. Жүректен шыққан әннің жүрекке жетуі деп жататынымыз да орындаудың осы талабы орындалғанда ғана жүзеге асса керек. Мәселен, әйгілі «Транссібір экспресі» фильміндегі сай- сүйегіңізді сырқыратып, жаныңызды әлем-тапырық күйге түсіретін:

Өмірге ерте туып асыға өскен,

Дүнмеге адам қонақ түней көшкен.

Ер туып, ел қорғаған ата-баба,

Бұл күнде ізі жатыр, тозаңы өшкен…

– деп, ен даланы шарлап, дарқан дүниені дүбірлетіп ткен бабалар үнін құлағымызға әкелетін Шәкен Аймановтың орындауындағы «Жиырма бес» аталатын кең тынысты осы бір керемет ән есіңізде болар. Дауыс мүмкіндігі әлемді мойындатқан күміс көмей әнші, кәсіби музыка маманы емес, қарапайым актер орындаған бұл ән қай-қайсымыздың да жанымызға сондай жақын. «Әуен астарынан ұлы даланың үнін естігендей рахаттанасыз, жүрегіңіз шымырлап, с збен айтып жеткізгісіз күйді бастан кешесіз. Себебі әнде тағдыр бар, әр сө зінде тапжылтпай тыңдатар сезім бар… Бұл мысалды бекер келтіріп отырған жоқпыз. Жүректен шыққан әнді жүректерге жеткізу үшін тек алапат дауысқа иелік ету жеткіліксіз, музыка табиғаты кемел білім мен биік парасаттың иесі болуды да қажет етеді. Себебі әннің де өз тағдыры, өз мінезі, өз бітімі болады. Соны діттеген деңгейіне жеткізіп орындамау – ұлы нерге жасалған қиянаттың үлкені. Мәселен, Ақан серінің жаһанға мәшһүр «Балқадиша» әнін алып қарайық. Балқадиша әнінің шығу тарихына келгенде көптеген беймағлұм жайттарды анықтап, зерттеу жазылғанға дейін халық теріс түсініп келген дүниелерді дәйектеп, Ақан сері әніне қосар Балқадишаның өмірде болған адам екенін, фотосуретіне дейін баспасөз бетіне жариялап, көзайым еткен музыка зерттеушісі Ілия Жақанов ән кейіпкерінің Ақан серінің ешқандай да ғашығы болмағанын, серінің әні тек бойжеткен Балқадишаның сұлулығына, өнеріне сүйсінгендіктен туған туынды екенін дәлелдеп берді. Сонымен қатар ән мәтінінің кеңестік дәуірге лайықталып бұрмалағанын да анық айтты. Өлең жолдарындағы түпнұсқалық нұсқасы кейінірек саясат салқынының әсерінен «Дегенде Балқадиша, Балқадиша, күйеуі сексен бесте шал Қадиша» болып өзгертілгенін де ақиқат биігінен зерделеді. Балқадишаның сүйген жары Сүлеймен деген нар тұлғалы, елдің халық құрметтеген ардақты азаматы болғандығын, оның «Балқадиша» әнін те жақсы көргенін, Балқадишаға арналған әнге сүйсінгеннен, әншілерге, Балқадишаның зіне үнемі айтқызып, Ақан серінің талантына бас иіп өткен адам екенін жақсы бейнелеп көрсеткен деректері-ақ, біздің бүгінгі әншілердің « өрімдей қыздың сексендегі шалға ұзатылды» деп зарлануының бекер екендігін қолмен ұстатқандай етіп дәлелдеп берген жоқ па?! Кейде, керісінше, Біржан, Ақан, Мұхит, Жаяу Мұса сынды тағдырлары күрделі тұлғалардың жүрек қылын, ішкі жан дүние иірімдерін беретін әнді тым көтеріңкі, жеңіл-желпі орындайтын әншіні тыңдап, жан жүрегіңіз қарс айырлатын тұстар да аз кездеспейді. Бұдан не түйеміз? «Ән, әсіресе дәстүрлі ән өзін орындамас бұрын, кез келген әншіге туынды тарихынан мол мағлұмат беретін деректік жәйттерге қанығып, тереңнен ізденуді жүктейді. Тағдырын біліп салған ән тыңдарманын да толғантпай жібермейді. Яғни бір сөзбен айтқанда, біз әдебиеттен жаттап скен драматургия заңдылығы ән табиғатында да алдыңыздан кесе к лденең шығады. «Әдеби теория драматургияны әдебиеттің бір саласы деп негіздесе, демек, әнді де сол драмалық шығарманың сығымдалған нұсқасы деп қарауымыз керек. «Әнде де драмадағы секілді оқиғаның басы, шарықтау шегі, аяғы болады. Сол заңдылықтарға бағынғаны шынайы шығады. Дауыс менікі екен деп, қажетті-қажетсіз тұсында құр айқайға баса беретін өнерпазды әсте әнші дей аламыз ба? Тегінде, құр айқай құлаққа ән де бола алмаса керек. Осы орайда әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтің: «Әнді үйреніп айту әншілік емес, әнді зерделеп айту-әншілік» – дейтін сөзі еріксіз ойға оралады. Кез келген әнші орындамақ әнін шағын қойылымға айналдыра алуы керек. Сонда ғана ән табиғаты толыққанды ашылып, тағдыры таразыланып, сол заманның ахуалы тыңдарманының көз алдында көлбеңдейді. …Бірде Жүсіпбек Елебеков туған жері қасиетті Қарқаралы ңіріне демалысқа келеді. Жанында жерлесі әрі аға досы, сыншысы Қалибек Қуанышбаев бар. Жол бойы талай әңгіменің тиегі ағытылып, небір сырлар шертіледі. «Әуелеп ән де шырқалады. Кезек Мәдидің атақты «Қарқаралысына» келгенде, Қаллеки әнді үзіп жібереді: – Жүсіпбек, біздің айтып келе жатқанымыз Мәдидің зары, мұңы, еліне деген елжіреген жүрегінің сағынышы ғой. Ал сол Мәдидің қайраты, кегі қайда? Мәди бұлай мұңая бермес болар. Оның мұңынан қайраты басым жан. Ендеше бұл әннің аяғы әлі бітпеген. Сол жігерлі қайрат пен кек араласқан қажырлы әннің жалғасын сен тап! – деп қолқа салыпты. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекованың айтуынша, осы кезде Жүсіпбек әнші бір сәт Қаллекиден көз алмай қарап қалады. Бір сәт Мәдидің орнына өзін қойып, ән аяғын іздеп шарқ ұрады, қайталап айта береді. «Әннің төрт шумағын айтып бітіреді де, енді аяққы қайырмасына келгенде ызалана кектенген күшті де қайратты дауысты қосады. Дауыс ең жоғары сатысына жетіп, қайта төмендей бастайды. Бірақ жасық, қаймыққан үн емес, сол жігерлі, сол қажырлы қалпында мұқалмай келе жатады. Т мендеп келген ән дыбысы «Оу, Арқадағы» деп барып тыныс алады. Сонда көзі бақырайып, әншіге үнсіз таңдана қарап қалған Қаллеки: «Көптен іздеген, таба алмай жүргенімді таптым. Айналайын, Жүсекем, мұны енді ұмыта к рме, тағы қайтала. Сенің мына тапқан қайырмаң Мәдидің ғана өшпенділік кегі емес, сол заманның тар жол, тайғақ кешуінде қыспақта келген, үнін шығартпай, тірідей көмгісі келетін бас кесер, дүлей қара күштеріне кек шығар. Сол ыза, сол кек бүгінгі ұрпаққа да жалғасып, Мәди көрген зорлықты еш уақытта қайталатпасқа үндейтіндей. Кекпен суарған алмас қылыштай жігерлі күш бар, бұл қосқан әннің аяғында, – деп риза болған екен. Қаллеки сынды әділ сыншы, бапкері бар Жүсіпбек Елебековтей әншілердің әнді жеткізудегі осындай ерекше ықтияттығы, ой тереңін ұғына алып, ән драматургиясы мен тағдырына үлкен ізденіс тұғысынан келетін таным тереңдігі болса кере, Алтын қордан ара-тұра беріліп қалар осы орындаудағы әннің қай- қайсы да тыңдаушысын бей- жай қалдырмайтындығы, Біржан, Ақан, Мұхит, Мәдилердің серілік құрған заманын көз алдымызға айна-қатесіз әкелетіндігі, сол дәуірді әнмен бірге Сіз де кешіп жүргендей ерекше суреткерлік әсерге бөлейтіндігі. Демек, ән иірімі әншіге сұңғыла сезімталдықтан бөлек, актерлік шеберлік пен үлкен білім иесі болуды да талап етеді. «Әйтпесе, нотаны әркім-ақ орындайды. Ал жан жүрекпен, ән тағдырын сезініп, к ңіл к зінен ткізіп айту, орындау барысында әннің зіне айнала алу – тек әншінің әншісінің ғана қолынан келсе керек.

 Назерке Жұмабай, Астана 

 

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала