jasqazaq.kz

«Nazira Gold» ісі бойынша 402 млн теңге, 52 автокөлік, 2 пәтер және 17 кг зергерлік бұйым тәркіленді

30 қазан 2025, 9:35

Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен.

Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған.

Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған. Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр
Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді