Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек

30 қыркүйек, 12:55

Отандық кәсіпкерлікті дамыту ісінде шағын және орта бизнесті қолдаудың ілкімділігі жоғары. Мемлекеттің экономикалық әлеуетін арттыруда да осы саланың арқалар жүгі салмақты. Ауылда тұрып-ақ шағын кәсіпкерлікті өрістетіп, халықтың сұранысын өтеп отырған жанның бірі — Назерке Тәнекеева. Jasqazaq.kz сайтына берген сұхбатында ол өз кәсібі туралы әңгімелеп берді.

– Назерке, ауылда өрістетіп отырған кәсібіңіз туралы тарқата айтсаңыз.

– Кір сабын өндіруді біз бала күнімізден көріп өстік. Себебі анамыз, әжеміз де емдік қасиеті мол жұрт арасында «қара сабын» деп аталатын өнімді өндіретін. Сол кісілерге көмектесе жүріп, қыр-сырын меңгердік. Анамыз бізге сексеуіл мен ала ботаның күлінен жасалатын қара сабынның емдік қасиеті туралы түрлі деректерді мысал етіп, аңызға бергісіз әңгімелерді айтатын.


Кір сабын өндірісін ашуыма анам Кемелхан Нұрпейісқызының тигізген септігі мол. Қара сабынды жасау технологиясын үйретті, тек күнделікті тұрмыста тұтынуға ғана емес, емдік қасиеті жоғары сабынға ауруына дауа іздеген жандар жиі тапсырыс беретін. Түрлі тері ауруларының мың да бір емі осы қара сабын біліп өстік. Кейін келе кәсіп бастап, бизнесімізді жолға қою турасында жоспар құрғанда осы сабын, басқа да тұрмысқа қажетті шаруашылық тауарларын өндіру ісін қолға алдық.
Бүгінгі күнде Жетісу облысы Панфилов ауданы, Басқұншы ауылында Баширбаевтар әулетінің кәсібі ретінде құрып, ісімізді ілгері бастырып келеміз.

– Қанша адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырсыздар?

– Сөз басында айтқанымдай, отбасылық бизнес жоба болғандықтан, жолдасым, балаларымыз да қолғабыс етеді. Келешекте цехты кеңейтіп, бірнеше адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етсек деген мақсатымыз бар.
Біз үшін қашанда саннан гөрі сапа маңызды. Өйткені құрамы табиғи заттардан тұратын өнімдеріміз тұтынушылардың талғамынан шықса, келешекте сұраныс артатыны белгілі. Өнім сапасыз болса, қанша мақтауын асырғанымен өміршең болмайды. Осыған баса мән беріп отырмыз.Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бөлініп отырған қолдау-көмек жеткілікті. Тек тәуекел етіп кәсіп бастау керек. Мұндай қолдау мен көмектің нәтижесінде біз де жеңілдетілген пайызбен несиемізді алдық. Сол несиеге цехтың құрал-жабдығын алып, заманауи технологиямен жабдықтап, жоғары сапалы өнім шығаруға күш салып отырмыз.

ъ

– Алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейтудің қамын жасайсыз ба?

– Кір сабын, емдік қасиетке ие қара сабыннан сырт кір жууға пайдаланатын және ыдыс-аяқ жуғанда тұтынатын сұйықтықтарды да шығарып, нарықта саудалап келеміз. Алдағы уақытта осы кәсібімізді Жаркент қаласында да ашып, цехтың ауқымын кеңейтсек деген жоспарымыз бар.
72 пайыздық кір сабынның құрамы негізінен малдың іш майынан, басқа да табиғи өнімнің қоспасынан түзілгендіктен, сұранысқа ие. Ал кір жууға және ыдыс жуғанда пайдаланатын сұйықтықты түрік технологиясымен кореялық шикізаттан жасаймыз. Шүкіршілік дейміз, өндірген өнім түрлеріне алушылардың тек оң бағасын естіп жүрміз. Келешекте мемлекеттік сатып алу шарты бойынша мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдармен де бірлесе жұмыс істеуге әрекет етіп жатырмыз.

Жазып алған Қуан Көшек

19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс