jasqazaq.kz

Наурыз думаны Шымкентті ән мен шаттыққа толтырды

Бүгін, 22:02

Бүгін Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше қарқынмен жалғасын тапты. Таңнан кешке дейін қала бойынша әр ауданда концерттер ұйымдастырылып, өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ауа райы құбылмалы болса да, алаңдарға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ән мен күй әуелеп, бишілердің өнері көрермендерді тәнті етті.
Қаланың әр бұрышында құрылған сахналарда Шымкент қаласының «Шымкент концерт» ұжымы, Саз колледжі, Оқушылар сарайы, «Нұрсәт» өнер мектебі және басқа да өнер ұжымдарының әншілері мен бишілері кезек-кезек өнер көрсетті. Бағдарлама әр сағат сайын жаңарып отырды, бұл мерекенің ажарын айшықтады.
Астана алаңында Саз колледжінің ұжымы Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында қазақтың дәстүрлі және классикалық музыкасы, халық әндері мен аспаптық шығармалар, сондай-ақ көркем би өнері көрермен назарына ұсынылды.
Сахнада «Үрмелі және соқпалы аспаптар» оркестрі, «Қазақ халық аспаптар» оркестрі, «Шамсинур» би ансамблі, қылқобызшылар, домбырашылар, сырнайшылар, «Прима қобызшылар» ансамбльдері, эстрадалық оркестр және талантты жеке орындаушылар өнер көрсетті. Бағдарлама барысында белгілі композиторлардың шығармалары орындалды.
Мерекелік көңіл-күймен бөліскен қала тұрғыны Анарбай Тасқынбай өз әсерін былай жеткізді:
— Наурыз елдің бәрі бір-бірімен көрісіп, қуанысып, қауышатын шағы. Әсіресе, береке мен молшылықтың символы іспетті наурыз көженің дәмі ерекше. Бүгін ішкен көжем сондай дәмді болды, бала кезді еске түсірді. Осындай мереке көп болсын, — деді ол.
Наурыз мерекесі тек концерт пен думан ғана емес, ол береке мен бірліктің, ақ дастархан мен ақ тілектің мерекесі. Шымкенттегі бұл шаралар дәл осыны айқын дәлелдеді. Қала тұрғындары мерекенің ерекше рухы мен атмосферасын бірге сезініп, ұлттық өнердің шынайы көрінісін тамашалады.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді