jasqazaq.kz

Наурыз-2026: Шымкент ұлттық дәстүр мен технологияны үйлестірді

21 наурыз, 15:45

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Қаланың орталық алаңы саналатын «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Биыл Наурыз мерекесі жаңартылған форматта ұйымдастырылды. Қаладағы барлық іс-шаралар арнайы Digital-Наурыз платформасына енгізіліп, көпшілікке қолжетімді болды. Дәстүрлі онкүндік «Наурызнама» форматы сақталғанымен, мереке мазмұны жаңа технологиялық элементтермен толықтырылды. Мерекелік бағдарламаларда ІТ технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, ұлттық құндылықтар мен заманауи үрдістер үйлесім тапты.
Астана алаңында өткен негізгі бағдарлама аясында жергілікті өнер шеберлері мен танымал орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама және театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Олардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы, Айдана Меденова, TURAR, Азия және Шаба Әденқұлова бар.
Сонымен қатар, алаңда дәстүрлі мәдениет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған шаралар ұйымдастырылды. Мерекеде ұлттық спорт ойындары — асық ату, гір көтеру, қошқар көтеру сияқты ойындар көрсетіліп, қатысушылар мен көрермендер үшін қызықты әрі тартымды көрініс жасалды. Жабдықталған аула мен алаңдарда ұлттық салт-дәстүр, дәстүрлі тағамдар және қолөнер бұйымдары таныстырылды.
Технологиялық жетістіктер көрмесі де назардан тыс қалмады. Келушілер робототехника саласындағы жобалармен танысып, ұлттық киім киген роботтарды, қазақ халқының көшпелі өркениетін танытатын интерактивті жобаларды, VR ойын алаңдарын және цифрлық киіз үйді тамашалады. Бұл дәстүрлі мәдениетті заманауи форматта дәріптеудің тиімді үлгісі ретінде ұсынылды.
Жалпы, Шымкенттегі Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлер, спорт ойындары мен заманауи технологиялардың үйлесімді сабақтастығын көрсетті. Қалада ұйымдастырылған іс-шаралар қоғамдық бірлікті нығайтуға, мәдени мұраны дәріптеуге және тұрғындар мен қонақтарға мазмұнды, қызықты демалыс ұсынуға бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді