jasqazaq.kz

Нартай Дүтбаев қамауға алынды

28 желтоқсан 2016, 20:23

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардағы бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-тармағында («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-тармағында («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу оқшаулағышына қамалды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды. Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады. Нартай Дүтбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық комитеті төрағасы қызметін атқарған (11.12.2001-22.02.2006).

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті