jasqazaq.kz

Нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел анықталды

25 сәуiр 2023, 14:17

Орал қаласында қоқыс жәшігінен табылған шақалақтsң анасы анықталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Б.Нұрғожин күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын айтты.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігіне (қауiптi жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа не 45 тәулікке дейін қамаққа алуға жазаланады», — деді Б.Нұрғожин. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баcпасөз қызметі жәшіктен табылған нәрестенің жағдайы интоксикация, гипотермия және гипогликемия белгілеріне байланысты орташа ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің болжауынша сәби ауруханаға жеткізілгенге дейін 7-8 сағат бұрын өмірге келген.

JQ-Aqparat

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді