jasqazaq.kz

Нан қымбаттауы мүмкін

07 қантар 2017, 13:24

Алматыда нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Мегаполисті негізгі азық-түлікпен қамтып отырған алпауыт компанияның бірі, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын 6 теңгеге өсіруді жоспарлап отыр.
Осылайша қазір 69 теңгені құрап отырған әлеуметтік нан бағасы 75 теңгеге бірақ жетуі мүмкін.
Комбинаттың сөзіне қарағанда, олар пайдаға кенелудің орнына шығынға батып жатыр екен. Өйткені осы күнге дейін сатып алып жүрген ұнның бағалары қымбаттап кеткен. Статистикаға сүйенсек 2010 жылы нанның бағасы 55 теңге болған. Ол кезде ұнның келісі 40 теңгені құраған. Ал қазір негізгі шикізаттың құны екі есе жоғарылап, 92 теңгеге бірақ жеткен. Компания басшылығы бағаны көтеруден басқа амалымыз жоқ дейді.
«2014 жылдың ақпан айынан бастап, әкімшілік дотацияланған ұн беретін бізге. Сондай ақ 1 сұрыпты ұн сатып алып, екеуін араластырып нан пісіретін едік. Ал қазір әкімшіліктен де көмек жоқ, ұнның бағасы да шарықтап кеткен. Енді нанды қымбаттату жөнінде депутаттарға ұсыныс жолдадық. Жауаптарын күтіп отырмыз» — дейді «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің бас директор орынбасары Раиса Цыганок.

 

i-news.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті