jasqazaq.kz

Нұржан Керменбаев: “Арнау” дуэті тараған жоқ

01 наурыз 2017, 23:51

Ел арасында “Арнау” дуэті тарап кетті” деген сыбыс тарады. Оған бір себеп топтың көгілдір экраннан көрінбеуі, екінші себеп – топ солистері Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның жеке-жеке клип түсіруі.

Нұржан Керменбаев Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында “топ тарады” деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz жазады.

“Мен “Арнау” дуэтін ешқашан ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да. Жеке кешім болса да, “Арнаудың” өзінің блогы болады. Көптеген әңгімелер жүріп жатыр. Жоқ. Біз біргеміз, ешқашан тарамағанбыз да.

Мен жеке айтамын, дуэттерім бар, қыздармен де дуэт орындағанмын. Мақпал Исабековамен бірге айттық, бұйырса жақында шығады. Жанар Дұғаловамен орындадым. Өнер әлемі болғаннан кейін еркіндік болу керек бізде. Салтанат ол жағынан ешқандай қарсылық білдірмеді. Ол да жеке ән айтады, мысалы, оның да ер балалармен дуэт айтқан кездері бар. Актриса, оның үстіне тележүргізуші, оның үстіне ана, бір әулеттің келіні. Сондықтан барлығына Аллаға шүкір үлгеріп жатырмыз”, – деп түсіндірді Нұржан.

Нұржан Керменбаев — 2006 жылы ұлттық телевизиялық Superstar.kz-3 жобасының жеңімпазы атанған еді. 2007 жылы «Арнау» дуэті құрылды. 2009 жылы топтан Жанар Хамитова кеткен соң, жаңа солист ретінде Салтанат Бақаева қабылданды.

baistars.kz

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті