jasqazaq.kz

Нұрлан Ермекбаев: Салафизмге тосқауыл қоюға болады

16 қазан 2016, 18:06

snimok

Салафизмді ұстанушылар өз идеялары мен құндылықтарын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлерімізден жоғары қояды. Сондықтан да, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан халқы салафизмнің тарауына заңмен тыйым салмай-ақ, оған жол бермей, зайырлы қағидаттарды басшылыққа алады деген сенімін білдірді. Бұл туралы ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Бұл таңдауды Қазақстанның әрбір азаматы қолдауы тиіс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Салафиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың идеалды жүйесі деп есептейді. Осыған байланысты еліміз үшін салафизмді мүлдем жат, теріс ағым деп санаймыз», – деді министр.
Қоғамда салафизмге қарсы әртүрлі пікірлер айтылады. Қазір министрлік тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп осы мәселені мұқият қарастырып жатыр. Осыған дейін Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымға, соның ішінде салафиттік бағыттағы экстремистік ұйымға тыйым салынған.
«Cалафизм ұйым емес. Ол – діни ағым, көзқарастар жүйесі», – деді Нұрлан Ермекбаев.
Оның айтуынша, елімізде қолданыстағы заңдар қазірдің өзінде жасырын діни ұйымдармен күресіп, радикалды діни әдебиеттерді таратудың жолын кесуге барлық мүмкіндікті жасап отыр.

bnews.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді