jasqazaq.kz

Н.Нығматулин: Бастысы, заңды халыққа түсінікті қылып жазу керек

19 қазан 2016, 12:28

photo_3350

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген зиянды өтеу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны төлеу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерді белгілейді. Бастысы, заң халық игілігі үшін жазылып, түсінікті болуы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның пленарлы отырысынды мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын таныстырды. Содан кейін Мәжіліс төрағасы заң атауы мен мазмұны халыққа түсінікті болу керектігін айтты.

«Бұл заң жобасының атауын өзгерткеннен не пайда? Мәселен, ол жәбірленушілерге зиянды өтеу туралы деп аталуы да мүмкін. Қор деген сөзді алып тастасақ та ештеңе өзгермейді. Заңның мәні бұл сөзге байланып қалған жоқ. Заңның мәні жәбірленушілерге өтемақы төлеу туралы болып тұр. Бастысы, оның атауы мен ішіндегі мәтінін оқығанда халық бірден түсінетіндей қылып жазу керек», – деді Н. Нығматулин.

bnews.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді