jasqazaq.kz

Мұрат Жолдықожаев: Инклюзивті қоғам – ортақ қоғам

25 тамыз, 14:48

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау, оларға лайықты жағдай жасау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Бұл бағытта белсенді жұмыстар атқарылып келеді. Осы орайда Jas Qazaq тілшісіне «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдықожаев инклюзивті қоғам қалыптастыру жолында атқарылып жатқан істер жайында айтып берді.

– «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін шешу бағытында қандай жобаларды жүзеге асырып келеді?
– Басты жобаларымыздың бірі – «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы. Осы жоба аясында Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы және «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, кәсіпорындарда мүгедектігі бар азаматтарға арналған 2–4% жұмыс квотасының орындалуын бақылау мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесулер, мониторингтік іс-шаралар өткізіледі. Тақырыптық қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, құзырлы органдармен бірлесе кешенді жұмыстар жүргізілуде.
– Партияның сайлауалды бағдарламасы мен саяси платформасында инклюзивті қоғам құруға қатысты қандай нақты міндеттемелер бар және олар қалай орындалып келеді?
– Ерекше қажеттілігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. «AMANAT» партиясы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен, партия жанындағы «Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңесте» инклюзивті саясаттың жүзеге асырылу барысы тұрақты қаралып отырады. Бүгінде инватакси қызметін жетілдіру, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, оңалтудың техникалық құрал-жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қалалық ортадағы қолжетімділікті бағалау жұмыстарының жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Бұл жұмыстарды болашақта тәуелсіз сараптамалық ұйымдарға беру жоспарланған.
Медицина, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қамтитын «Социум» цифрлық жүйесі енгізіліп, арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты жаңартылуда.
– Мүгедектігі бар азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және белсенділерімен байланыс қандай деңгейде? Олардың ұсыныстары партиялық шешімдерге, бастамалаларға айнала ма?
– Иә, біз қаладағы бірнеше қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойдық. Мақсатымыз – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау мен қолдау.
Бірлескен іс-шаралар, мәдени-көпшілік жобалар үнемі өткізіліп тұрады. ҮЕҰ-дардың ұсыныстары партия тарапынан қолдау тауып, нақты бастамаларға ұласып жатады.
Осы ретте, үкіметтік емес ұйымдармен жыл сайын «Жан Шуақ» республикалық фестивалі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласы соңғы екі жылда бірінші орынды иеленгенін де айта кеткім келеді. Бұл – біздің осы бағыттағы жұмыстың бір нәтижесі.

Олжас Әбдіхалық

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік