Мұрат Нұртілеу: Түркия еліміздің экономикасына ең көп инвестиция бағыттаған 10 мемлекеттің бірі

11 қыркүйек 2023, 15:06

Елімізде Түркия капиталымен 4,3 мың компания жемісті жұмыс атқарып келеді. Мұны елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.

«Орта және шағын кәсіпкерлер құрған кәсіпорындар бойынша да елеулі нәтижеге қол жеткіздік. Түркияның капиталымен елімізде 4 300-ден астам компания жемісті жұмыс атқаруда. Осы уақытқа дейін Түркия Қазақстан экономикасына 4,7 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың ондығына кірді. Бүгінгі таңда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 50 жаңа жоба пысықталып жатыр. Биыл бұл үрдіс жалғасып, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізге келген түрік капиталы 112 млн долларды құрады», — деді Мұрат Нұртілеу.

Министрдің мәлімдеуінше, Түркия мен Қазақстан болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі.
Сонымен қатар ведомство басшысы қарашада Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттерінің мерейтойлық 10-шы саммитіне қатысу үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келетінін атап өтті.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді