Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесі бойындағы жол құрылысын қадағалады

10 тамыз 2023, 9:50

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек», деген еді. Шымкентте жол құрылысы қаланың даму жоспарына сәйкес қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының 2-кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау үшін жауаптылармен бірге нысанға арнайы барды. Осыған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуын, жалпы жұмыстардың сапасы мен атқарылу барысын тексерді.

Бұл кезең Сырым батыр және Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы — 1,2 шақырым, ені — 28 метрді құрайды. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жол негізі салынып, көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ кестеге сай жаяу жүргіншілер жолы салынып, суағарлар, инфрақұрылым жүйелері орнатылуда. Қазіргі сәттеге жұмыстардың 70% пайызға атқарылды.

Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымдық Өтегенов көшесі жалғасының құрылысын 2 кезең бойынша толық аяқталып, пайдалануға беру жыл соңына жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы Солтүстік батыс шағын ауданындағы Өтегенов көшесінен Шұбаркөл көшесіне дейінгі аралықтағы Найзалы көшесінің жол құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобада аталған көшеге төселетін асфальт жабындысының ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жалпы, биыл Солтүстік батыс шағын ауданындағы 2,6 шақырымды құрайтын Найзалы және Келешек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.

Айта кетейік, 2024 жылға Тарақтас, Алтындала тұйығы, Нұрлы таң №1,2,3,4,5,6 көшелерінің тұйығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы, Солтүстік батыс шағын ауданының жалпы аумағы 39,7 шақырымды құрайды, оның 33,6 шақырымы асфальт жол. Қала әкімі жауаптыларға жұмысты әлі де жүйелеп, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Жауаптыларға қадағалауды күшейтіп, жұмыстардың нақты орындалуы бойынша есеп беруді міндеттеді.

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан алып жол құрылыстарының бірі «Ташкент – Алматы» бағытындағы магистралды А-2 автомобиль жолы. Қаланы айналып өтетін А-2 магистралы қазір қайта жаңартылу үстінде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады