jasqazaq.kz

Мыңдаған алматылықтар «Реалды» қонақ үй алдында күтіп тұр (Видео)

29 қыркүйек 2025, 17:26

Ертең, 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы көптен күткен ойынға дайындық қызып тұр. Бүгін түстен кейіннен бастап-ақ Алматы көшелері мен стадион маңы кәдімгі мерекелік алаңға айналғандай.
Мадридтік клуб қазір қаладағы қонақүйге тұрақтаған. Түс ауа команда стадионға барып, ресми жаттығу өткізуі керек. Jas Qazaq тілшісі қонақүйге барып, ондағы ахуалды көзбен көрді.

Стадион төңірегіне темір қоршаулар қойылып, тәртіпті бақылауға жүздеген полиция қызметкері жұмылдырылған.
Жанкүйерлер арасында ерекше қызу көңіл күй сезіледі. Кейбірі таңертеңнен бері күтіп тұр. Қаланың әр түкпірінен келген тұрғындар өз командалары емес, әлемдік жұлдыздарды көру үшін жиналған.
Жас жанкүйер Арыс былай деді:
– «Мен «Реал» ойыншыларын өмірімде бір рет көру үшін келдім. Қолтаңба алып кетсем деп армандаймын. Өкінішке қарай, билет ала алмадым. Ертеңгі матчқа кіре алмайтын шығармын, бірақ оларды келеді», – дейді ол.
Арыстың анасы, Гүлназ ханым да ұлын қолдап, жұмысынан сұранып келгенін айтады:
«Балам үшін келдім. Билет те, қонақүй де таба алмадық. Бес сағаттан бері осындамыз. Бастысы – ұлым сүйікті командасын бір көріп қалса болды», – дейді ол.
Полиция өкілдері қала қонақтары мен тұрғындарын тәртіпке шақыруда. Құқық қорғау қызметінің хабарлауынша, матч күні 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Ертең, 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те басталатын «Қайрат» – «Реал» ойыны Алматының биылғы ең ауқымды спорттық оқиғасына айналмақ.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат