jasqazaq.kz

Мұнайлы ауданында жаңа мектеп алғашқы оқу жылын бастады

10 қыркүйек 2025, 16:50

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында жаңа оқу орындары салынып, оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасы құрылуда.
Мемлекет басшысының білім саласындағы бастамаларын жүзеге асыру шеңберінде Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 25 мың орындық 13 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде 9 мектеп салынды.
Бүгін Мұнайлы ауданында аталған жоба аясында салынған №19 орта мектепте Ашық есік күні өтті. Бұл – Батыр ауылы Хазар шағын ауданында орналасқан 1200 оқушы орнына арналған білім ошағы. Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 155 бірінші сынып оқушысы аттады. Оқу орны өз жұмысын 12 зерттеуші, 21 сарапшы, 57 модератор және 4 жас маманмен бастап отыр.
Мектепте барлығы 61 пән кабинеті бар. Оның ішінде робототехника, STEM, дизайн және технология, визуалды өнер, музыка, үй мәдениеті мен тамақтану мәдениетіне арналған кабинеттер бар. Барлық сыныптар заманауи жабдықтармен қамтылған.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін сенсорлық бөлме, инклюзивті білімді қолдау кабинеті, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жедел саты қарастырылған.

Мектептің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: ғимарат ішінде 126 бейнекамера орнатылып, ауласында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары жасақталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Мұнайлы ауданының әкімдігі

 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат