«Мың бала» жобасына 320 000 бала қатысты

16 қараша 2023, 19:48

Биыл «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасына 320 мың бала қатысты.
Астанада мемлекеттік тілді насихаттай отырып, қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрді дәріптеуге арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы өз мәресіне жетті.
Айтулы жоба мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен тоғызыншы рет өтті. Іс-шара аясында еліміздің барлық аймағында «Өнерлі өрге жүзер» және «Жарқыра, жас дарын!» аталымдары бойынша қазақ тілін білуге арналған 6 мыңнан аса шара мен байқаулар өткізілді.


Жиында құттықтау сөз сөйлеген  мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов министрліктің этносаралық бағытта жоғары сапалы қазақтілді контентті дамытуға және жастар үшін біртұтас мәдени кеңістік құруға бағытталған жобалары туралы айтты.


«Елімізде мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ тілінде көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар шығарылады, бейнежазбалар мен аудио подкастар бар. Этникалық топ өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне мүмкіндік беретін жобалардың бірі – «Мың бала» жобасы», — деді Қанат Ысқақов.

JQ-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу