Мұхамеджан Тазабек: Әйелі бар еркекке тұрмысқа шыққыңыз келгенімен, ол арманның орындалуы оңай емес (Видео)

14 қыркүйек 2023, 9:28


Отбасылы еркектерге тоқал болғысы келетін қыз-келіншектерге жауап берді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақын желі қолданушылардың сауалдарына жауап берді.
Бір оқырман: “Бойдақтардың арасында сенімді, ақылды, жақсы жігіттер көп. Бірақ мені отбасылы еркектерге тартып тұрады. Бойдақ жігіт бала сияқты көрінеді, бірақ шынында олай емес. Отбасылы еркек байсалды әрі сенімді көрінеді ” деп жазыпты.
Желі қолданушысына Мұхамеджан Тазабек: “Иә, әрине, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар. Мен солай деп түсіндім. Бір отбасыны бақытты қылған, жағдайы шешілген еркекті бәйбіше сізбен бөліскісі келе ме, мәселе сонда. Бәйбішеде күйеуінен айырылғысы, оны ешкіммен бөліскісі келмейді. Сондықтан әйелі бар ерекке шыққыңыз келгенімен, ол арманның орындалуы оңай емес. “Бір жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ” деген сияқты. “Керемет жігіт қой” деп шығып, кейін 1-2 ай өткен соң “болмайды екен” деп ажырасып кетіп жатқан қыздар бар”, – деп ескертті Мұхамеджан Тазабек.
Ақын қыз-келіншектерді өзгенің отбасының шырқын бұзбауға шақырды.
“Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. “Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын” демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін”, – деп жазды айтыскер.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Muhamedjan Tazabek — ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді