Мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған

04 қазан 2023, 10:53

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалуына ықпал етті, деп хабарлайды еліміздің Бас прокуратурасы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.

Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.

Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын-алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау — прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді