jasqazaq.kz

Мораторий аяқталды. Енді — нақты тариф саясаты

Бүгін, 18:05

26 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және қоғам өкілдері қатысты. Талқылау барысында жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ газбен жабдықтау салаларындағы тарифтік реттеудің негізгі бағыттары қаралды.
Үкімет қабылдаған шаралар кешені азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұруға бағытталғаны атап өтілді. 2026 жылғы наурыз айының соңына дейін коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторий осы кезеңде тұтынушыларға түсетін тарифтік жүктеменің өсуін толық болдырмауға және үй шаруашылықтарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Талқылау қорытындысы бойынша бірыңғай тәсіл айқындалды: мораторий аяқталғаннан кейін тарифтік саясат кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте халыққа түсетін қаржылық жүктеме минималды деңгейде сақталады, ал қабылданатын шешімдер мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып қабылданады.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инвестициялық жобаларды іске асыру бекітілген кестелерге сәйкес толық көлемде жалғасуда, бұл желілердің тозуын төмендетуге және өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік тарифтік саясаттың негізгі қағидаты ретінде тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету белгіленді.
Қабылданған шаралардың жиынтық әсері 2026 жылы инфляциялық үдерістерге бақылаудағы және экономика мен азаматтардың табыстары үшін қауіпсіз деңгейде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары қаралды. Осы мақсатта өндірушілер үшін электр энергиясы бағасының және теміржол тасымалдары тарифтерінің өсуін тежеу көзделген, бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тұрақтандыруға ықпал етеді.
Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар үшін коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеуді көздейтін тұрғын үй көмегі механизмі арқылы қосымша қолдау көрсетіледі.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тарифтік саясатты одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалып, олар коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігін арттыруға және халық мүддесін қорғауға бағытталған.

Сурет: kapital.kz

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті