Мопед жүргізуші арбадағы баланы қағып кетті

02 қараша 2023, 12:13

Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылысында мопед жүргізушісінің қатысуымен жол апаты болды.

Алматы қаласының полициясы хабарлағандай, жол апаты 1 қарашада сағат 20:25-те қаланың Бостандық ауданында болған.
1999 жылы туған мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі веложол бойымен шығыс бағытта жүріп, Брусиловский көшесінің қиылысында арбаны соғып кеткен. Арбада үш жасар қыз балаға алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Бұл фактіні Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, жүргізушіге қатысты сараптама тағайындалады және тиісті шаралар қабылданады», – дейді Алматы қалалық полиция басқармасы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу